https://sputnik.kz/20220305/telefony-qosymsha-5-mln-tenge-23318480.html
Телефонына жаңа қосымша орнатқан петропавлдық әйел 5 млн теңгесінен айырылып қалды
Телефонына жаңа қосымша орнатқан петропавлдық әйел 5 млн теңгесінен айырылып қалды
Sputnik Қазақстан
Қала тұрғынына "банктен" қоңырау шалған 05.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-05T11:21+0500
2022-03-05T11:21+0500
2022-03-05T11:21+0500
қоғам
телефон
қосымша
теңге
https://sputnik.kz/img/842/44/8424471_0:0:1920:1080_1920x0_80_0_0_51ec1215ef4d6f2a009c140607e19955.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 5 наурыз – Sputnik. Петропавл тұрғыны телефонына жаңа қосымша орнатып, 5 миллион теңгесінен айырылып қалды.Алаяқ "банктен қоңырау шалу" схемасы бойынша әрекет еткен, деп хабарлайды Polisia.kz.Қылмыскер 28 жастағы әйелге хабарласып, өзін банк қызметкерімін деп таныстырған. Сөйтіп әйелге оның атынан әлдекім кредит рәсімдеп жатқанын айтқан. Операцияны тоқтату үшін телефонына AnyDesk бағдарламасын орнатуға кеңес берген. Осыдан кейін жәбірленуші телефон шалған "қызметкердің" нұсқауын орындап, банктен 5 миллион теңге кредит алады. Алаяқ мұны кредит лимитін таңдап, бөгде адамның "шабуылына" тосқауыл қою үшін қажет деп түсіндірген.Алайда көп ұзамай әйелдің шотынан кредиттің ақшасы жоғалып кеткен. Алаяқтың құрбаны болғанын түсінген ол полицияға шағымданады."Әдетте алаяқтар жәбірленушінің шотынан ақша ұрлау үшін кодтар мен парольдарды біліп алуға тырысады. Алайда, егер телефонда қашықтан басқару қосымшасы орнатылса, кодты сұраудың қажеті жоқ. AnyDesk — кең таралған, бірақ осы тектес жалғыз бағдарлама емес. Ол басқа қолданушыға телефонды толық бақылауға мүмкіндік береді, СМС-пен келген кодтар қылмыскерге бірден белгілі болады", - дейді полицейлер.Полиция "банктен қоңырау" шалатын адамдарға сенбеуді және белгісіз қосымшаларды телефонға орнатпауды сұрайды.
https://sputnik.kz/20211029/qazaqstandyqtar-aqsha-130-mln-tenge-18526887.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/842/44/8424471_213:0:1920:1280_1920x0_80_0_0_3978b1782a630e952e118f2eb74dc327.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
телефон, қосымша, теңге
Телефонына жаңа қосымша орнатқан петропавлдық әйел 5 млн теңгесінен айырылып қалды
Қала тұрғынына "банктен" қоңырау шалған
НҰР-СҰЛТАН, 5 наурыз – Sputnik. Петропавл тұрғыны телефонына жаңа қосымша орнатып, 5 миллион теңгесінен айырылып қалды.
Алаяқ "банктен қоңырау шалу" схемасы бойынша әрекет еткен, деп хабарлайды
Polisia.kz.Қылмыскер 28 жастағы әйелге хабарласып, өзін банк қызметкерімін деп таныстырған. Сөйтіп әйелге оның атынан әлдекім кредит рәсімдеп жатқанын айтқан. Операцияны тоқтату үшін телефонына AnyDesk бағдарламасын орнатуға кеңес берген. Осыдан кейін жәбірленуші телефон шалған "қызметкердің" нұсқауын орындап, банктен 5 миллион теңге кредит алады. Алаяқ мұны кредит лимитін таңдап, бөгде адамның "шабуылына" тосқауыл қою үшін қажет деп түсіндірген.
Алайда көп ұзамай әйелдің шотынан кредиттің ақшасы жоғалып кеткен. Алаяқтың құрбаны болғанын түсінген ол полицияға шағымданады.
"Әдетте алаяқтар жәбірленушінің шотынан ақша ұрлау үшін кодтар мен парольдарды біліп алуға тырысады. Алайда, егер телефонда қашықтан басқару қосымшасы орнатылса, кодты сұраудың қажеті жоқ. AnyDesk — кең таралған, бірақ осы тектес жалғыз бағдарлама емес. Ол басқа қолданушыға телефонды толық бақылауға мүмкіндік береді, СМС-пен келген кодтар қылмыскерге бірден белгілі болады", - дейді полицейлер.
Полиция "банктен қоңырау" шалатын адамдарға сенбеуді және белгісіз қосымшаларды телефонға орнатпауды сұрайды.