Қазақстан халықаралық компанияларда жұмыс істейтін отандас ғалымдарды тартады

© AFP 2024 / LUIS ACOSTAСотрудник лаборатории в защитном костюме изучает образцы коронавируса под микроскопом
Сотрудник лаборатории в защитном костюме изучает образцы коронавируса под микроскопом - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.03.2022
Жазылу
Білім министрлігі техникалық ғылымдарды, инжиниринг пен технологияларды дамытуға баса назар аудара отырып, 900-ден астам перспективалы ғылыми әзірлемелердің тізімін таныстырды
НҰР-СҰЛТАН, 5 наурыз – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Қазақстанда ғылымды дамытуға бағытталған бірқатар шара қабылдауды тапсырды.
Ол сондай-ақ халықтың табысын арттыруға ғылымның үлесін күшейту жөніндегі шараларды қосымша пысықтауды тапсырды.
Халықтың табысын арттыру бағдарламасының жобасында 1700 жаңа жұмыс орнын ашаотырып, ғылыми және ғылыми-техникалық қызметті коммерцияландырудың 200-ге жуық жобасын іске асыру көзделген.
Кеңесте ғалымдарды қолдау, ғылыми инфрақұрылымды жаңғырту, ғылым, өндіріс пен бизнестің өзара іс-қимылын кеңейту жөніндегі нақты шараларды қамтитын ғылымды дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының жобасы талқыланды.
Сондай-ақ білім және ғылым министрлігі техникалық ғылымдарды, инжиниринг пен технологияларды дамытуға баса назар аудара отырып, 951 перспективалы ғылыми әзірлемелердің тізімін таныстырды.
Бұдан басқа, салалық мемлекеттік органдар жанынан ғылыми-техникалық кеңестер құру арқылы жер қойнауын пайдаланушылардың ҒЗТКЖ-ға аударымдарын бөлу тетігі қаралды.
Премьер-министрдің орынбасары зерттеулердің өндірістік ғылымға әсерін күшейту, халықаралық технологиялық компанияларда қызмет ететін жетекші ғалым отандастарды тарту, тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелердің үлесін арттыру, экономика мен әлеуметтік саланың нақты міндеттерін шешу үшін ғылыми институттардың, кәсіпорындардың зертханалық жабдықтарды бірлесіп пайдалануы бойынша шаралар қабылдауды тапсырды.
Жаңалықтар
0