Экономика

Қазақстанның ЕАЭО елдерімен тауар айналымы өсті

© REUTERS / Thomas PeterЖүк контейнері, архивтегі фото
Жүк контейнері, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.03.2022
Жазылу
Былтыр Қазақстанның тауар айналымы алдыңғы жылмен салыстырғанда 17,4%-ке өсіп, 101,5 миллиард долларды көрсетті
АЛМАТЫ, 5 наурыз – Sputnik. Қазақстанның ЕАЭО елдерімен тауар айналымы бір жылда 28%-ке өсті. Сауданың 93%-і Ресеймен жасалған, деп хабарлады Finprom.kz.
2021 жылы Қазақстанның тауар айналымы өткен жылмен салыстырғанда 17,4%-ке өсіп, 101,5 миллиард долларды көрсетті. Оның ішінде тауар айналымының төрттен бір бөлігі ЕАЭО елдерімен жасалған: 26,1 миллиард доллар, бұл 2020 жылдың қаңтар-желтоқсанымен салыстырғанда 28%-ке көп.
"Қазақстанның ЕАЭО-мен сауда-саттығының барлығы дерлік Ресеймен жасалған. Қазақстанның Ресеймен тауар айналымының көлемі бір жылда бірден 29,1%-ке өсіп, 2021 жылы 24,2 миллиард долларды көрсетті. Ресейдің ЕАЭО елдерімен тауар айналымындағы үлесі бір жыл ішінде 92,3%-тен 92,9%-ке дейін өсті", - дейді сарапшылар.
ЕАЭО-ның басқа да елдерімен сауда көлемі артқан: Қырғызстанмен 14,4%-ке артып, 970,8 миллион доллар болды; Беларусьпен 15,7%-ке өсіп, 858,7 миллион теңгеге жетті; Армениямен 34,1%-ке өсіп, 19,1 миллион долларды құрады.
Жаңалықтар
0