https://sputnik.kz/20220305/oskemen-mektep-oqushylary-kolik-23333098.html
Өскеменде мектеп оқушылары бірнеше көлікті өртеп жіберді - видео
Өскеменде мектеп оқушылары бірнеше көлікті өртеп жіберді - видео
Sputnik Қазақстан
Желі қолданушылары оқушылар мұндай әрекетке кек алу үшін барды деген болжам жасаған болатын 05.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-05T20:51+0500
2022-03-05T20:51+0500
2023-08-09T09:57+0500
өңірлер
өскемен
көлік
өрт
оқушы
https://sputnik.kz/img/22/69/226950_0:1452:3001:3140_1920x0_80_0_0_7489d0b50e6e756c3799c947a2c3418d.jpg
АЛМАТЫ, 5 наурыз – Sputnik. Өскеменде мектеп оқушылары бірнеше көлікті өртеп жіберді. Авто иелерінің бірі оқиға қалай болғанын айтып берді. "Мен жұмыста болдым. Маған полиция қызметкері хабарласып, көлігім жанып жатқанын айтты. Автокөлік қалпына келтірілмейді", - деді Lexus иесі Николай Туфатулин. Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің мәліметінше, Қылмыстық кодекстің 202-бабының 1-бөлігі ("бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Бұған дейін 8-11 жастағы үш оқушы Өскеменде бірнеше автокөлікті өртегені хабарланды. BMW автокөлігінің иесіне өрт жайлы көршілері хабарлаған. Тәртіп сақшылары дәл осындай жағдайда тағы екі көліктің – Lexus және Nissan Liberty зақымданғанын анықтады. Жасөспірімдер бұл екі көлікті өртегенін мойындады. Көлік иелеріне қомақты шығын келді. Сонымен қатар әлеуметтік желіде өртенген көліктің бірі мұғалімге тиесілі екені туралы ақпарат тарады – оқиға мектеп жанында болған, деп жазды YK-news. Желі қолданушыларының жазуына қарағанда оқушылар мұндай әрекетке кек алу үшін барған.Алайда Lexus иесі мұны жоққа шығарды. Оның айтуынша, зардап шеккендер оқушылардың ата-анасымен залалды өтеу туралы келісуге тырысып жатыр.
өскемен
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/22/69/226950_0:1171:3001:3421_1920x0_80_0_0_fe4405d766d265bd51fe4a7292bf2fb0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
өскемен, көлік, өрт, оқушы
өскемен, көлік, өрт, оқушы
Өскеменде мектеп оқушылары бірнеше көлікті өртеп жіберді - видео
20:51 05.03.2022 (жаңартылды: 09:57 09.08.2023) Желі қолданушылары оқушылар мұндай әрекетке кек алу үшін барды деген болжам жасаған болатын
АЛМАТЫ, 5 наурыз – Sputnik. Өскеменде мектеп оқушылары бірнеше көлікті өртеп жіберді. Авто иелерінің бірі оқиға қалай болғанын айтып берді.
"Мен жұмыста болдым. Маған полиция қызметкері хабарласып, көлігім жанып жатқанын айтты. Автокөлік қалпына келтірілмейді", - деді Lexus иесі Николай Туфатулин.
Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің мәліметінше, Қылмыстық кодекстің 202-бабының 1-бөлігі ("бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Бұған дейін 8-11 жастағы үш оқушы Өскеменде бірнеше автокөлікті өртегені хабарланды. BMW автокөлігінің иесіне өрт жайлы көршілері хабарлаған.
Тәртіп сақшылары дәл осындай жағдайда тағы екі көліктің – Lexus және Nissan Liberty зақымданғанын анықтады. Жасөспірімдер бұл екі көлікті өртегенін мойындады. Көлік иелеріне қомақты шығын келді.
Сонымен қатар әлеуметтік желіде өртенген көліктің бірі мұғалімге тиесілі екені туралы ақпарат тарады – оқиға мектеп жанында болған, деп жазды
YK-news.
Желі қолданушыларының жазуына қарағанда оқушылар мұндай әрекетке кек алу үшін барған.
Алайда Lexus иесі мұны жоққа шығарды.
"Бұл олай емес. Сол күні көлігімді әйелім айдаған. Ол мектепте директордың орынбасары болып жұмыс істейді. Күдіктілер менің әйелім жұмыс істейтін мектепте оқымайды", - деді Туфатулин.
Оның айтуынша, зардап шеккендер оқушылардың ата-анасымен залалды өтеу туралы келісуге тырысып жатыр.