https://sputnik.kz/20220305/oral-koshee-shalshyq-video-23327221.html
Орал көшелерін жаңбыр суы басты– видео
Орал көшелерін жаңбыр суы басты– видео
Sputnik Қазақстан
Мұндай жағдай қалада жаңбыр жауғаннан кейін үнемі қайталанып отырады 05.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-05T16:19+0500
2022-03-05T16:19+0500
2022-03-05T16:19+0500
өңірлер
орал
көше
https://sputnik.kz/img/1379/47/13794713_0:0:2048:1152_1920x0_80_0_0_818a1b988954f0fccadba32a67fe6d12.jpg
АЛМАТЫ, 5 наурыз – Sputnik. Орал көшелерін 4 наурыз кешке жауған жаңбырдан кейін су басты, деп хабарлады жергілікті "Мой город" басылымы. Порталдың хабарлауынша, мұндай жағдай жаңбыр жауған сайын үнемі қайталанады. Жауын-шашын салдарынан жолдарда үлкен шалшық пайда болған. Жаяу жүргіншілер жолды кесіп өте алмайды, ал жүргізушілер су астындағы шұңқырларды көрмей қалады.Құрманғазы көшесінде жолды су басқан. Мұнда шұңқырлар жолға жөндеу жұмыстары жүргізілгенге дейін пайда болған, алайда одан кейін де еш нәрсе өзгермеген. Су қаланың Чуриков, Карбышев, Есқалиев, Мөңкеұлы, 25-Чапаев дивизиясы көшелерінде де жиналған. Орал әкімдігінің баспасөз қызметі қала бойынша еріген қар суы тартылып жатқанын хабарлады. Қалада 170-тен астам техника жұмыс істеп жатыр. Бесінші қаңтарға қараған түні коммуналдық қызметтер мың текше метрден астам қар шығарып, 410 текше метрден астам еріген суды сорып алған.
https://sputnik.kz/20220305/almaty-zhol-qozgylysy-23326624.html
орал
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1379/47/13794713_256:0:1792:1152_1920x0_80_0_0_fdf81f31d9a26041a1b1289929a87289.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
орал, көше
Орал көшелерін жаңбыр суы басты– видео
Мұндай жағдай қалада жаңбыр жауғаннан кейін үнемі қайталанып отырады
АЛМАТЫ, 5 наурыз – Sputnik. Орал көшелерін 4 наурыз кешке жауған жаңбырдан кейін су басты, деп хабарлады жергілікті
"Мой город" басылымы.
Порталдың хабарлауынша, мұндай жағдай жаңбыр жауған сайын үнемі қайталанады. Жауын-шашын салдарынан жолдарда үлкен шалшық пайда болған. Жаяу жүргіншілер жолды кесіп өте алмайды, ал жүргізушілер су астындағы шұңқырларды көрмей қалады.
Құрманғазы көшесінде жолды су басқан. Мұнда шұңқырлар жолға жөндеу жұмыстары жүргізілгенге дейін пайда болған, алайда одан кейін де еш нәрсе өзгермеген.
Су қаланың Чуриков, Карбышев, Есқалиев, Мөңкеұлы, 25-Чапаев дивизиясы көшелерінде де жиналған.
Орал әкімдігінің баспасөз қызметі қала бойынша еріген қар суы тартылып жатқанын хабарлады. Қалада 170-тен астам техника жұмыс істеп жатыр. Бесінші қаңтарға қараған түні коммуналдық қызметтер мың текше метрден астам қар шығарып, 410 текше метрден астам еріген суды сорып алған.