Өңірлер

Маңғыстау облысында қатты дауыл бірнеше үйдің шатырын ұшырып әкетті

© Photo : Сайт города Актау inaktau.kz Ақтаудағы дауыл салдары
Ақтаудағы дауыл салдары - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.03.2022
Жазылу
Ақтауда қатты дауыл үйдің қаптауын ұшырып әкетті, төменде тұрған көлікке де зақым келді
НҰР-СҰЛТАН, 5 наурыз – Sputnik. Маңғыстау облысында қатты жел салдарынан бағаналар мен ағаштар құлады, деп хабарлайды "Лада" порталы.
5 наурызға қараған түні аймақта дауыл көтерілді. Түнгі сағат 02:30-дың кезінде қатты жел Қызылтөбе кентінде уақытша құрылыстың шатырын жұлып әкетті. Ешкім зардап шеккен жоқ.
Бұдан бөлек, электр желілерінің екі бағанасына зақым келді. Оны жөндеуге 27 маман мен жеті техника тартылды. Таңғы 9-ға қарай барлық жұмыс аяқталды. Қазіргі кезде тіршілікті қамтамасыз ету нысандары штаттық режимде жұмыс істеп тұр.
Ал Жетібай ауылында түнгі сағат 03:35-те құрылысы аяқталмаған ғимараттың шатыры ұшып кетіп, жол үстіне құлаған. Құтқарушылар жолды тазалады.
Дәл осындай жағдай облыстың бірнеше ауданында болған. Мәселен, Ақтау қаласында шатыр құлап, азық-түлік дүкені жантайып қалды, тағы бір үйдің қаптауы түсіп кеткен. Маңында тұрған көлікке зақым келді.
Сондай-ақ, Ақтау қаласындағы қиылыстардың бірінде бағдаршам құлады. Жаңадан салынған үйдің балкон есігі босап кеткен. Жергілікті тұрғындар екі ағаштың құлағанын да видеоға түсіріп алды.
Жаңалықтар
0