Коронавирус жұқтырғандар саны азайып келеді
© Sputnik / Владислав ВодневЖедел жәрдем көліктері

© Sputnik / Владислав Воднев
Жазылу
Қазақстанның бірнеше өңірінде өткен тәулікте бірде-бір науқас анықталған жоқ
НҰР-СҰЛТАН, 5 наурыз – Sputnik. Қазақстанда COVID-19 індетін жұқтыру көрсеткіші төмендеп келеді – өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 220 науқас анықталды. ⠀
Қазақстанда пандемия басталғалы бері вирусты барлығы 1 303 536 адам жұқтырған.
Өңірлердегі жағдай (жаңа мәлімет):
Нұр-Сұлтанда – 18,
Алматы қаласында – 66,
Шымкент қаласында – 4,
Ақмола облысында – 7,
Ақтөбе облысында – 3,
Алматы облысында – 11,
Атырау облысында – 0,
Шығыс Қазақстан облысында – 10,
Жамбыл облысында – 5,
Батыс Қазақстан облысында – 5,
Қарағанды облысында – 6,
Қостанай облысында – 31,
Қызылорда облысында – 0,
Маңғыстау облысында – 2,
Павлодар облысында – 12,
Солтүстік Қазақстан облысында – 37,
Түркістан облысында – 3.