https://sputnik.kz/20220305/atyrau-turgyndar-urey-23316418.html
Атырау тұрғындары үреймен өмір сүріп жатыр
Атырау тұрғындары үреймен өмір сүріп жатыр
Sputnik Қазақстан
Мектептен таяқ тастам жердегі көпқабатты үйлердің қуыс-қуысы нашақорлардың мекеніне айналған 05.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-05T09:55+0500
2022-03-05T09:55+0500
2022-03-05T09:55+0500
өңірлер
есірткі
дәрі-дәрмек
https://sputnik.kz/img/341/81/3418140_0:161:3068:1887_1920x0_80_0_0_9689288a72b785d9163963d36544264d.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 5 наурыз – Sputnik. Атыраудағы Береке ықшам ауданы тұрғындары үреймен өмір сүріп жатыр. Олар көпқабатты үйлердің маңында шашылған қанды шприцтерді жинаудан да шаршаған, деп хабарлады "Астана" арнасы.Әлеуметтік желіге жариялаған видеодан соң ықшамаудан халқы күндіз күлкі, түнде ұйқыдан айырылған. Олар есірткі секілді әсер беретін "трамадол", "тропикамед" препараттарын емін-еркін сатуға шектеу қойылуын сұрайды.Мектептен таяқ тастам жердегі көпқабатты үйлердің қуыс-қуысы нашақорлардың мекеніне айналған. Шашылған қанды шрицтер соның дәлелі дейді тұрғындар. Тіпті жаңа ғана пайдаланғандары да анық көрінеді. Бүгінде мұндағы бұқарадан маза қашқан. Олар балалары үшін қорқады.Шприцтерді жинап тастағанымен, жаңасы күнде пайда болатынын айтады. Полицияғада барған. Олар жастар есірткі орнына қолданатын "трамадол", "тропикамед" психотропты препараттарды сататындарға айыппұлдан басқа амал жоқ деп кері қайтарған.Дәрігерлер жанұшырып жүрген бұқараның уайымы орынды деді. Ауруханаға трамадолды көп мөлшерде қолданып түсетіндердің бар екенін жасырмайды."Бұларды көп мөлшерде, ұзақ уақыт пайдалану тәуелділікке әкеледі. Бірақ бұл препараттар онкологиялық, хирургиялық, көз ауруларын емдеуге керек. Тек оларды сатуды қатайтқан жөн. Олар еркін саудада болмауын, тек дәрігер тағайындауымен сатылуын қатаң қадағалау керек", - дейді нарколог-дәрігер Светлана Добрынина.Берекеліктердің шағымынан соң полицейлер сол маңда тұратын наркологиялық диспансердің есебінде тұрған азаматтарды да тексерген. Сол ықшам ауданның өзінен 48 жастағы әйелден 600 дана осындай препарат тәркілепті.Жыл басынан бері, яғни 2 айда трамадол, тропикамед сатқан 8 әйел адам анықталған. Олардан жалпы саны 10 мыңнан астам дәрі тәркіленген. Барлығы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұлмен құтылған.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/341/81/3418140_170:0:2899:2047_1920x0_80_0_0_e74cd476d7e6e3b0ddb27419b7cfc388.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
есірткі, дәрі-дәрмек
Атырау тұрғындары үреймен өмір сүріп жатыр
Мектептен таяқ тастам жердегі көпқабатты үйлердің қуыс-қуысы нашақорлардың мекеніне айналған
НҰР-СҰЛТАН, 5 наурыз – Sputnik. Атыраудағы Береке ықшам ауданы тұрғындары үреймен өмір сүріп жатыр. Олар көпқабатты үйлердің маңында шашылған қанды шприцтерді жинаудан да шаршаған, деп хабарлады "
Астана" арнасы.
Әлеуметтік желіге жариялаған видеодан соң ықшамаудан халқы күндіз күлкі, түнде ұйқыдан айырылған. Олар есірткі секілді әсер беретін "трамадол", "тропикамед" препараттарын емін-еркін сатуға шектеу қойылуын сұрайды.
Мектептен таяқ тастам жердегі көпқабатты үйлердің қуыс-қуысы нашақорлардың мекеніне айналған. Шашылған қанды шрицтер соның дәлелі дейді тұрғындар. Тіпті жаңа ғана пайдаланғандары да анық көрінеді. Бүгінде мұндағы бұқарадан маза қашқан. Олар балалары үшін қорқады.
"Алаңдаймыз, қорқамыз. Есірткіге тойып алғандар балаға қауіп төндіруі мүмкін ғой. Шара қолдану керек", - дейді Береке ықшам ауданының тұрғыны Ержан Қадырбаев.
Шприцтерді жинап тастағанымен, жаңасы күнде пайда болатынын айтады. Полицияғада барған. Олар жастар есірткі орнына қолданатын "трамадол", "тропикамед" психотропты препараттарды сататындарға айыппұлдан басқа амал жоқ деп кері қайтарған.
Дәрігерлер жанұшырып жүрген бұқараның уайымы орынды деді. Ауруханаға трамадолды көп мөлшерде қолданып түсетіндердің бар екенін жасырмайды.
"Бұларды көп мөлшерде, ұзақ уақыт пайдалану тәуелділікке әкеледі. Бірақ бұл препараттар онкологиялық, хирургиялық, көз ауруларын емдеуге керек. Тек оларды сатуды қатайтқан жөн. Олар еркін саудада болмауын, тек дәрігер тағайындауымен сатылуын қатаң қадағалау керек", - дейді нарколог-дәрігер Светлана Добрынина.
Берекеліктердің шағымынан соң полицейлер сол маңда тұратын наркологиялық диспансердің есебінде тұрған азаматтарды да тексерген. Сол ықшам ауданның өзінен 48 жастағы әйелден 600 дана осындай препарат тәркілепті.
"Аталған "Береке" ықшам ауданынан сол күні осындай дәрілерді сатумен айналысқан әйел ұсталды, одан неше түрлі психотроптық дәрілер тәркіленіп алынды", - деп атап өтті Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет.
Жыл басынан бері, яғни 2 айда трамадол, тропикамед сатқан 8 әйел адам анықталған. Олардан жалпы саны 10 мыңнан астам дәрі тәркіленген. Барлығы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұлмен құтылған.