Ақсуда жаңадан салынған үйдің төбесі баланың үстіне құлап түсті
© AFP 2024 / JAY DIRECTO Бала ойнап отыр, архивтегі фото
© AFP 2024 / JAY DIRECTO
Жазылу
Қала әкімшілігі бүгін олқылықтарды жою үшін барлық қажетті шара қабылданатынын айтып, тұрғындардан кешірім сұрады
НҰР-СҰЛТАН, 5 наурыз – Sputnik. Ақсуда жаңадан салынған үйдің төбесі құлап түсті.
Оқыс жағдай болған үйдің тұрғындары болған жайтты видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде жариялаған, деп хабарлады Рavlodarnews.kz.
Видеода сөйлеп тұрған әйелдің айтуынша, Строителей көшесі, 43 мекенжайы бойынша орналасқан жаңа үй мүмкіндігі шектеулі балаларға, көпбалалы отбасыларға және тағы басқа санаттағы тұрғындарға берілген.
Видеода сөйлеп тұрған әйелдің айтуынша, Строителей көшесі, 43 мекенжайы бойынша орналасқан жаңа үй мүмкіндігі шектеулі балаларға, көпбалалы отбасыларға және тағы басқа санаттағы тұрғындарға берілген.
"Отбасымызбен ас үйде кешкі тамақ ішіп отырған едік. Кенеттен гүрс еткен дыбыс етілді. Құлаған төбенің дыбысы мен баланың айқайын естідік! Төбе балаға құлады!", - дейді ақсулық тұрғын.
Сондай-ақ ол баланың шекесі қызарып кеткенін айтқан.
Ақсу қаласының әкімдігі кеше қала тұрғыны шағымданғаннан кейін бірден құзыретті органдар мен мердігерге хабар берілгенін хабарлады.
Қала әкімшілігі бүгін олқылықтарды жою үшін барлық қажетті шара қабылданатынын айтып, тұрғындардан кешірім сұрады.
Қала әкімшілігі бүгін олқылықтарды жою үшін барлық қажетті шара қабылданатынын айтып, тұрғындардан кешірім сұрады.