https://sputnik.kz/20220304/ulybritaniya-elshi-qazaqstan-sanktsiya-23298515.html
Ұлыбритания елшісі Қазақстанға қарсы санкция салу туралы ұсынысқа түсініктеме берді
Ұлыбритания елшісі Қазақстанға қарсы санкция салу туралы ұсынысқа түсініктеме берді
Sputnik Қазақстан
Ұлыбритания депутаты Қазақстанға қарсы санкция салуды ұсынған болатын 04.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-04T14:46+0500
2022-03-04T14:46+0500
2022-03-04T14:56+0500
украина
қазақстан
ұлыбритания
https://sputnik.kz/img/07e6/03/04/23292904_0:0:2048:1153_1920x0_80_0_0_b909427eae3ed144d6d18b05ee9ceeb9.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 4 наурыз – Sputnik. Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісі Ұлыбританияның Қазақстанға қарсы санкция салу туралы позициясын түсіндірді.Бұған дейін Ұлыбритания парламентінің мүшесі Маргарет Ходж Қазақстан мен Әзербайжан Ресейді қолдайтынын мәлімдеп, бұл елдерге қарсы санкция салу мүмкіндігін қарастыруды ұсынған болатын. Ал Ұлыбритания сыртқы істер министрі Лиз Трасс ведомство бұл мәселені зерделеп жатқанын айтты.Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Ұлыбритания елшісін Қазақстанға қарсы санкция салу мүмкіндігі туралы британ тарапының позициясын түсіндіру үшін шақырды."Бұл парламентте сөйлеген бір депутаттың мәлімдемесі. Біз мұның немен байланысты екенін түсіндіру үшін Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісін (Кэти Лич – Sputnik) сыртқы істер министрлігіне шақырдық. Оның түсініктемесін күтіп отырмыз", - деді 2 наурызда парламент кулуарында Қазақстанның сыртқы істер вице-министрі Шахрат Нұрышев.Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісі Кэти Лич Қазақстан сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенкомен кездесті. Ол британ тарапы екі ел арасындағы сенімді қарым-қатынасқа үлкен мән беретінін мәлімдеді.Қазақстанның Украина мәселесі бойынша ұстанымы2022 жылдың 1 наурызында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей мен Украинаны келіссөз үстелінде ортақ тіл табысуға шақырды."Бөлінбеушілік принципі мен қауіпсіздіктің тұтастығы өзара сенім негізіндегі өзара түсіністікті білдіреді. Өкінішке қарай бұл болған жоқ. Минск келісімі қағаз жүзінде қалды. Ал бұл Украина аумағындағы әскери іс-қимылдарға әкеп соқты", - деді Тоқаев Nur Otan партиясының кезектен тыс съезінде.Оның айтуынша, геосаяси жағдай ушығып кетті, қазір бұл тенденцияның тоқтайтын түрі жоқ.Тоқаев екі мемлекетті келіссөз үстелінде ортақ тіл табысуға, келісімге келуге шақырды.
украина
қазақстан
ұлыбритания
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/03/04/23292904_194:0:2014:1365_1920x0_80_0_0_047f95742a5aef5799102b17d124bccc.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
украина, қазақстан, ұлыбритания
украина, қазақстан, ұлыбритания
Ұлыбритания елшісі Қазақстанға қарсы санкция салу туралы ұсынысқа түсініктеме берді
14:46 04.03.2022 (жаңартылды: 14:56 04.03.2022) Ұлыбритания депутаты Қазақстанға қарсы санкция салуды ұсынған болатын
НҰР-СҰЛТАН, 4 наурыз – Sputnik. Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісі Ұлыбританияның Қазақстанға қарсы санкция салу туралы позициясын түсіндірді.
Бұған дейін Ұлыбритания парламентінің мүшесі Маргарет Ходж Қазақстан мен Әзербайжан Ресейді қолдайтынын мәлімдеп, бұл елдерге қарсы санкция салу мүмкіндігін қарастыруды ұсынған болатын. Ал Ұлыбритания сыртқы істер министрі Лиз Трасс ведомство бұл мәселені зерделеп жатқанын айтты.
Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Ұлыбритания елшісін Қазақстанға қарсы санкция салу мүмкіндігі туралы британ тарапының позициясын түсіндіру үшін шақырды.
"Бұл парламентте сөйлеген бір депутаттың мәлімдемесі. Біз мұның немен байланысты екенін түсіндіру үшін Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісін (Кэти Лич – Sputnik) сыртқы істер министрлігіне шақырдық. Оның түсініктемесін күтіп отырмыз", - деді 2 наурызда парламент кулуарында Қазақстанның сыртқы істер вице-министрі Шахрат Нұрышев.
Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісі Кэти Лич Қазақстан сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенкомен кездесті. Ол британ тарапы екі ел арасындағы сенімді қарым-қатынасқа үлкен мән беретінін мәлімдеді.
"Біз Украинаның аумақтық тұтастығына қатысты баяндалған нақты позицияны аңғарып отырмыз және бейбітшілікті, көпжақты дипломатияны және БҰҰ жарғысының қағидаттарын қолдап келген 30 жылдық тұрақты позицияны жоғары бағалаймыз", - деді Кэти Лич.
Қазақстанның Украина мәселесі бойынша ұстанымы
2022 жылдың 1 наурызында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей мен Украинаны келіссөз үстелінде ортақ тіл табысуға шақырды.
"Бөлінбеушілік принципі мен қауіпсіздіктің тұтастығы өзара сенім негізіндегі өзара түсіністікті білдіреді. Өкінішке қарай бұл болған жоқ. Минск келісімі қағаз жүзінде қалды. Ал бұл Украина аумағындағы әскери іс-қимылдарға әкеп соқты", - деді Тоқаев Nur Otan партиясының кезектен тыс съезінде.
Оның айтуынша, геосаяси жағдай ушығып кетті, қазір бұл тенденцияның тоқтайтын түрі жоқ.
Тоқаев екі мемлекетті келіссөз үстелінде ортақ тіл табысуға, келісімге келуге шақырды.