Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Украинадан 23 қазақстандық жүк көлігі шығарылды - министрлік

© Sputnik / Михаил Воскресенский, STF / Медиабанкке өтужүк көліктері
жүк көліктері - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.03.2022
Жазылу
Тағы 7 жүк көлігі Польша шекарасында тұр. 26 жүк көлігі Украинаның орталық және шығыс аймақтарында қалып отыр
НҰР-СҰЛТАН, 4 наурыз – Sputnik. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Украинадан қалып қойған жүк көлігіне қатысты ақпарат жариялады.
"2022 жылғы 4 наурыздағы жағдай бойынша Украинадан 23 қазақстандық жүк көлігі шығарылды.Тағы 7 жүк көлігі Польша шекарасында тұр. 26 жүк көлігі Украинаның орталық және шығыс аймақтарында қалып отыр. Ол жүргізушілерге де қолдау көрсетіліп жатыр", - делінген ресми хабарламада.
Бұған дейін индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі халықаралық жүк тасымалында туындаған мәселелер бойынша жедел кеңес өткізген болатын. Украинада қалып қойған қазақстандық жүк көліктерінің тізімі жасалып, сыртқы істер министрлігіне берілді.
Сондай-ақ, министрлік көліктер мен жүргізушілерді қосымша құжаттарсыз өткізу жөнінде Польша мен Молдованың мемлекеттік органдарына жүгінді. "Жасыл дәліз" ұйымдастыру бойынша келіссөздер жүргізілді.
Ал арнайы кеңес кезінде жүк тасымалдаушыларды Украинаның батыс бөлігі арқылы Польша мен Молдавия шекараларына жіберу ұсынылды. Онда өткізу пункттері ашылып, жеңілдетілген тәртіппен өтуге болады.
Бұдан бөлек, жүк тасымалдау саласындағы мәселелер бойынша жедел штаб құрылды. Оны индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев басқарады. Жедел штаб бизнес-субъектілерге және халықаралық жүк тасымалдарына қатысушыларға көмек көрсету және ақпараттық қолдау үшін құрылған.
Сондай-ақ, министрліктің жанынан жедел желі ашылды. Барлық сұрақ бойынша Call-орталыққа +7 708 088 0 800; +7 (7172) 98-35-35 нөмірлеріне қоңырау шалуға, + 7 708 088 0 800 WhatsApp нөміріне жазуға болады.
Жаңалықтар
0