https://sputnik.kz/20220304/samuryq-qazynanyn-tergeu-sharalary-23283543.html
"Самұрық-Қазынаның" қазіргі басшылары тергеу шараларына тартылмаған
"Самұрық-Қазынаның" қазіргі басшылары тергеу шараларына тартылмаған
Sputnik Қазақстан
Бұған дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ, "Самұрық-Энерго" энергетикалық холдингі басшылығына қатысты тергеу... 04.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-04T08:31+0500
2022-03-04T08:31+0500
2023-08-09T12:45+0500
қоғам
самұрық-қазына
сыбайлас жемқорлық
https://sputnik.kz/img/1430/23/14302376_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_4947397481d8315d0b7a5d7ea48b74ed.jpg
АЛМАТЫ, 4 наурыз – Sputnik. "Самұрық-Қазына" АҚ-ның қазіргі лауазымды тұлғалары қандай да бір тергеу іс-шараларына тартылмаған, деп хабарлады қордың қоғаммен байланыс жөніндегі директоры Дамир Оспан Facebook парақшасында. Айта кетері, бұған дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ, "Самұрық-Энерго" энергетикалық холдингі мен "Қазақстан темір жолы" ҰК" ұлттық теміржол тасымалдаушысының басшылығына қатысты тергеу жүріп жатқанын хабарлады. Олардың мемлекетке аса ірі мөлшерде 3,8 миллиард теңге сомасында залал келтірілгені хабарланды. Оспанның айтуынша, компаниялар тобында сатып алу ашық болып, бизнес үшін әкімшілік кедергілер алынды, комплаенс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша жұмыстар бекітілді және енгізіліп жатыр. "Қор 2021 жылы алғашқылардың бірі болып сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен ынтымақтастық туралы меморандум жасасты және "адалдық алаңы" жобалық кеңсесін ашты", - деді ол. 2022 жылдың қаңтарында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Самұрық-Қазына" қорының шығын көп кететін әрі жабық құрылымға айналғанын мәлімдеді. Ол Қордың сатып алу жүйесінің тиімсіздігі, еңбек даулары, шығыны, ауқымды жобалардың аяқталмауы бойынша сын айтты. Сондай-ақ ол директорлар кеңесінің рөлі мен тәуелсіз директорлардың қатысуы тек ресми екенін атап өтті. Президент қордың толық реформалау қажет екенін айтты.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1430/23/14302376_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_8c00039d058cf6550d029be0b48f8230.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
самұрық-қазына, сыбайлас жемқорлық
самұрық-қазына, сыбайлас жемқорлық
"Самұрық-Қазынаның" қазіргі басшылары тергеу шараларына тартылмаған
08:31 04.03.2022 (жаңартылды: 12:45 09.08.2023) Бұған дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ, "Самұрық-Энерго" энергетикалық холдингі басшылығына қатысты тергеу жүріп жатқанын хабарлады
АЛМАТЫ, 4 наурыз – Sputnik. "Самұрық-Қазына" АҚ-ның қазіргі лауазымды тұлғалары қандай да бір тергеу іс-шараларына тартылмаған, деп хабарлады қордың қоғаммен байланыс жөніндегі директоры Дамир Оспан
Facebook парақшасында.
"Өкінішке қарай қолы таза емес қызметкерлер барлық орган мен ұйымда болуы мүмкін екенін мойындау керек. Бұл нақты жағдайда мәселе өткен жылдардағы оқиғаларға байланысты болуы мүмкін. Сондай-ақ "Самұрық-Қазына" қоры өз тарапынан кез келген сыбайлас жемқорлық әрекетін жою бойынша тергеуге жан-жақты көмек көрсетуді жалғастыратынын ерекше атап өткім келеді", - деп жазды Оспан.
Айта кетері, бұған дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ, "Самұрық-Энерго" энергетикалық холдингі мен "Қазақстан темір жолы" ҰК" ұлттық теміржол тасымалдаушысының басшылығына қатысты тергеу жүріп жатқанын хабарлады.
Олардың мемлекетке аса ірі мөлшерде 3,8 миллиард теңге сомасында залал келтірілгені
хабарланды.
Оспанның айтуынша, компаниялар тобында сатып алу ашық болып, бизнес үшін әкімшілік кедергілер алынды, комплаенс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша жұмыстар бекітілді және енгізіліп жатыр.
"Қор 2021 жылы алғашқылардың бірі болып сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен ынтымақтастық туралы меморандум жасасты және "адалдық алаңы" жобалық кеңсесін ашты", - деді ол.
2022 жылдың қаңтарында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Самұрық-Қазына" қорының шығын көп кететін әрі жабық құрылымға айналғанын мәлімдеді. Ол Қордың сатып алу жүйесінің тиімсіздігі, еңбек даулары, шығыны, ауқымды жобалардың аяқталмауы бойынша сын айтты.
Сондай-ақ ол директорлар кеңесінің рөлі мен тәуелсіз директорлардың қатысуы тек ресми екенін атап өтті. Президент қордың толық реформалау қажет екенін айтты.