Экономика

Салық есебін тапсыру кезінде нені білу керек

© Photo : Pixabay / Shutterbug75Калькулятор
Калькулятор  - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.03.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 4 наурыз – Sputnik. Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті жүйеге және байланыс желілеріне салмақ түсірмеу үшін салық есебін алдын ала тапсыруды сұрады.
"Көптеген салық төлеуші салық есебін беру мерзімі аяқталуға таянғанда соңғы күндері тапсырады, ал бұл жүйеге және байланыс желілеріне жүктемені арттырады", - делінген хабарламада.
18 ақпанда сағат 17:00-де "СОНО" ақпараттық жүйесіндегі өңдеудегі кідірістерге байланысты салық төлеушілердің кезекті салық есебін екі рет (қайталап) жібергені анықталған. 21 ақпанда сағат 02:54-те қалпына келтіру жұмыстары аяқталды.
Қалыптасқан жағдайды шешу мақсатында салық төлеушілерге салық органына қате ұсынылған салық есебін жою әдісімен кері қайтарып алу, сұрақтар туындаған жағдайда пайдаланушыларға техникалық қолдау қызметіне жүгіну ұсынылып отыр (sonosd@kgd.minfin.gov.kz).
"2022 жылдың 31 наурызында 2021 жылға жылдық салық есептілігін ұсыну мерзімі аяқталады. Осыған байланысты салық есебін алдын ала ұсынуды немесе ұсыну мерзімдерін ұзарту үшін стандартты тетіктерді алдын ала пайдалануды ұсынамыз", - деп ескертті мемлекеттік кірістер комитеті.
Салық кодексінің 212-бабына сәйкес, салық төлеушілердің тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішті қоспағанда, салық есептілігі электрондық нысанда табыс етілген жағдайда оны табыс ету мерзімін ұзартуға құқығы бар.
Мерзімді ұзарту үшін тіркелген жеріндегі мемлекеттік кірістер органына немесе "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік
корпорациясына салық есебін табыс ету үшін Салық кодексінде белгіленген мерзім өткенге дейін уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда хабарлама жіберу қажет.
Хабарламаны электрондық нысанда келесі жолдармен жіберуге болады:
мемлекеттік кірістер комитетінің "Салық төлеуші кабинеті";
web-қосымшасы;
"Электронды үкімет" порталы (egov.kz).
Корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомаларының есебін қоспағанда, салық есебін табыс ету мерзімі кезеңге ұзартылады:
- корпоративтік табыс салығы немесе жеке табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету үшін белгіленген мерзімнен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде табыс етіледі;
- салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің, әлеуметтік төлемдердің өзге де түрлері бойынша декларацияны және (немесе) есеп-қисапты табыс ету үшін белгіленген мерзімнен бастап күнтізбелік он бес күннен асырмай;
- тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша тәуекелдер деңгейі төмен салық төлеушілер үшін салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің, әлеуметтік төлемдердің өзге де түрлері бойынша декларацияны табыс ету үшін белгіленген мерзімнен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайды.
Жаңалықтар
0