Өңірлер

Қостанайда шенеуніктерге сеніп қалған дәрігерлер баспанасыз қалды

© AFP 2024 / ROBERT ATANASOVSKIдәрігер
дәрігер - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.03.2022
Жазылу
Аурухананың бас дәрігері Данияр Жандыбаев 21 маманға баспана қажет екенін айтады
НҰР-СҰЛТАН, 4 наурыз – Sputnik. Қостанайлық шенеуніктер бірнеше жыл бұрын қалаға дәрігерлерді жұмысқа шақырып, баспанамен қамтамасыз етуге уәде берген.
Алайда олар әлі күнге дейін пәтер кілтіне қол жеткізген жоқ, деп жазды жергілікті alau.kz порталы.
Қалалық ауруханадағы жалғыз гастроэнтеролог Айжан Зейнетай отбасын Қостанайға осыдан үш жыл бұрын алып келген.

"Мен министрлікке жаздым. Жауапта пандемияға байланысты қаржы жоқ екені, күту керектігі айтылған. Біз бәрін тастап осында келдік, үшінші жыл жұмыс істеп жатырмыз", - дейді дәрігер.

Оның үш әріптесі де осындай жағдайға тап болған. Олар да пәтер үшін жұмыс ауыстырып, енді баспанасыз отыр.
"Біз тегін берсін деп отырған жоқпыз. Жеңілдетілген бағдарламамен алуға көмектессе екен дейміз. "Отбасы банкіне" бардық. Баспана алу үшін депозитте пәтер құнының 50 проценті болуы керек. Бізде ондай ақша жоқ", - дейді гинеколог-дәрігер Назрулло Талипов.
Аурухананың бас дәрігері Данияр Жандыбаев 21 маманға баспана қажет екенін айтты. Ал төрт қызметкердің мәселесі шұғыл шешімді қажет етеді.
Оның айтуынша, 2021 жылдың тамызына дейін дәрігерлерге пәтердің арендасы төленіп келген. Алайда кейін аурухана инфекциялық болып ауысып, ақылы қызмет көрсеу мүмкіндіген айырылды. Сондықтан медициналық мекеме қызметкерлерінің пәтерақы шығынын өтей алмаған.
Ал облыстық әкімдіктегілер де мәселені шешуге қауқарсыз. Айтуларынша, баспана бағасы шарықтап тұр.
"Құрылысшылармен жұмыс істейтін Қазақстан ипотекалық компаниясы пәтерді төмен бағамен беруден бас тартып отыр. Сондықтан өткен жылы баспанамен қамту бағытындағы жұмыс осыған байланысты тоқтады", - деп түсіндірді Қостанай облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығы Рүстем Айтбаев.
Ал дәрігерлер болса ауруханамен бес жылға келісімшартқа отырған, сондықтан кетіп қала алмайды. Қазір олар келісімшарт мерзімінің аяқталуын күтіп жүр. Ал облысты болса маман тапшылығы айқын сезіледі.
Жаңалықтар
0