https://sputnik.kz/20220304/qazaqstan-koktemgi-askeri-qyzmet-23308692.html
Көктемгі әскери қызметке шақыру басталды
Көктемгі әскери қызметке шақыру басталды
Sputnik Қазақстан
Қазақстан Қарулы күштерінің қатарын 17 мыңға жуық жас сарбаз толықтырады 04.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-04T21:15+0500
2022-03-04T21:15+0500
2022-03-04T21:15+0500
әскерилер
қазақстан
https://sputnik.kz/img/25/29/252908_0:53:1025:629_1920x0_80_0_0_cb294944b8f0af123d3b95d1d6bac337.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 4 наурыз – Sputnik. Қазақстанда көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру басталды.Әскерге шақыру науқаны 1 наурызда басталып, 30 маусымға дейін жалғасады. Төрт ай ішінде Қарулы күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қатарын 18-27 жас аралығындағы 17 мыңға жуық жас сарбаз толықтырады, деп хабарлады қорғаныс министрлігі.Әскерге шақыру науқанының шаралары санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып ұйымдастырылған. Болашақ сарбаздар COVID-19-ға қарсы ПТР-зерттеуден екі рет, яғни жинау пункттерінде және әскери бөлімдерге келгеннен кейін өтеді.Әскерге қалай шақырыладыӘскерге шақырылушылар 1414 бірыңғай байланыс орталығының сервисі арқылы SMS-хабарламалар жіберу, сондай-ақ тұрғылықты жері мен жұмысының мекенжайларына жіберілетін дербес шақыру қағаздары арқылы хабардар етіліп жатыр.Әскерге шақыруды жергілікті атқарушы органдар ұйымдастырып, қамтамасыз етеді. Аталған шақыру комиссияларын облыс, қала, аудан әкімдерінің орынбасарлары басқарады.2021 жылғы 1 наурыздан бастап әскерге шақыруды кейінге қалдыру немесе одан босату мемлекеттік қызметтер тізіміне еніп, оған сәйкес қызмет түрлері азаматтарға Электронды үкімет порталы арқылы ұсынылады.
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/25/29/252908_58:0:965:680_1920x0_80_0_0_58fd6797d80cdbbf3ea563809f8ac407.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әскерилер, қазақстан
Көктемгі әскери қызметке шақыру басталды
Қазақстан Қарулы күштерінің қатарын 17 мыңға жуық жас сарбаз толықтырады
НҰР-СҰЛТАН, 4 наурыз – Sputnik. Қазақстанда көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру басталды.
Әскерге шақыру науқаны 1 наурызда басталып, 30 маусымға дейін жалғасады. Төрт ай ішінде Қарулы күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қатарын 18-27 жас аралығындағы 17 мыңға жуық жас сарбаз толықтырады, деп хабарлады қорғаныс министрлігі.
"Алдымен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Мемлекеттік күзет қызметінің бөлімшелері, содан кейін Қарулы күштердің, Төтенше жағдайлар министрлігінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери бөлімдері жасақталады", - делінген хабарламада.
Әскерге шақыру науқанының шаралары санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып ұйымдастырылған. Болашақ сарбаздар COVID-19-ға қарсы ПТР-зерттеуден екі рет, яғни жинау пункттерінде және әскери бөлімдерге келгеннен кейін өтеді.
Әскерге шақырылушылар 1414 бірыңғай байланыс орталығының сервисі арқылы SMS-хабарламалар жіберу, сондай-ақ тұрғылықты жері мен жұмысының мекенжайларына жіберілетін дербес шақыру қағаздары арқылы хабардар етіліп жатыр.
Әскерге шақыруды жергілікті атқарушы органдар ұйымдастырып, қамтамасыз етеді. Аталған шақыру комиссияларын облыс, қала, аудан әкімдерінің орынбасарлары басқарады.
2021 жылғы 1 наурыздан бастап әскерге шақыруды кейінге қалдыру немесе одан босату мемлекеттік қызметтер тізіміне еніп, оған сәйкес қызмет түрлері азаматтарға Электронды үкімет порталы арқылы ұсынылады.