Павлодарда құтқарушыларды тексермек болған жігіт мұз астына түсіп кетті

© Sputnik / Дмитрий Коробейников / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.03.2022
Жазылу
Құтқарушылар ер адамды құтқару белдемшесі мен арқанның көмегімен судан алып шықты
НҰР-СҰЛТАН, 4 наурыз – Sputnik. Павлодарлық құтқарушылар мұз астына түсіп кеткен ер адамды аман алып қалды, деп хабарлады Рavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс жағдай 3 наурыз күні сағат 11.00-де Ертіс өзенінде М.Горький көшесіне жақын жерде болған.
Құтқарушылар ер адамды құтқару белдемшесі мен арқанның көмегімен судан алып шықты.
"Зардап шегуші құтқару станциясына жеткізілді. 1996 жылы туған зардап шегушіге дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсетілді, кейін "102" қызметіне берілді", - деп атап өтті департамент мамандары.
Ер адам төтенше жағдай қызметінің қаншалықты жедел жұмыс істейтінін тексеру үшін осындай әрекетке барғанын айтқан.
Жаңалықтар
0