Досаев AMANAT партиясы Алматы филиалының төрағасы болды

© Photo : Служба центральных коммуникацийЕрболат Досаев
Ерболат Досаев  - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.03.2022
Жазылу
Партияның атқарушы хатшысы Асхат Оралов филиал басшылығына жаңа міндеттер қойды
НҰР-СҰЛТАН, 4 наурыз – Sputnik. Алматы әкімі Ерболат Досаев "AMANAT" партиясының қаладағы филиалының төрағасы болып сайланды.
Партияның атқарушы хатшысы Асхат Оралов жаңа басшылықтың алдында партияны модернизациялауды ескере отырып, жұмысты жандандыру және сайлауалды міндеттемелердің сапалы орындалуын бақылау міндеттері тұрғанын атап өтті.
"Мемлекет басшысы, "AMANAT" партиясының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев халықпен кері байланыс жасауда транспаренттілікті арттырып, қоғамның барлық өкілімен жұмысты күшейту міндетін қойды. Партияның барлық сайлауалды уәдесін – азаматтардың талап-тілектерін, "аманаттарын" орындау негізгі басымдық болып қала береді", - деп атап өтті Асхат Оралов.
Оның пікірінше, мемлекеттік органдардан цифр талап ететін тәжірибеден алшақтап, бағдарламаның тармақтарын нақты іске асыруға ықпал ететін проактивті форматқа ауысу қажет.
Осы күні Асхат Оралов зиялы қауым өкілдерімен және партия ардагерлерімен де кездесті. Олардың ішінде әйгілі актер, театр және кино режиссері Асанәлі Әшімов, Қазақстан Жазушылар Одағы төрағасының орынбасары Ақберен Елгезек, ақын Жүрсін Ерман, жазушы Смағұл Елубай бар.
Ашық пікір алмасу барысында зиялы қауым өкілдері партия қызметін жетілдіру жөніндегі өз пікірлерін ортаға салып, мемлекет басшысы, партия төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халықтың әл-ауқатын арттыруға және Жаңа Қазақстанды құруға бағытталған бастамаларына қолдау білдірді.
Жұмыс сапарының алғашқы күні атқарушы хатшы қалалық мәслихаттағы "AMANAT" партиясы фракциясының мүшелерімен кеңес өткізді.
Ол осы жиында депутаттарға жұмысты күшейтуді және қалалық сайлауалды бағдарламаның орындалуына сапалы бақылау ұйымдастыруды тағы бір рет тапсырды.
"Алматылықтарға берген барлық уәдені орындау қажет. Бақылауды күшейту мақсатында Алматы қаласына арналған сайлауалды бағдарламаның әлеуметтік тұсын Бюро мүшелеріне, ал жол картасының индикаторларын партия өңірлік филиалы Саяси кеңесінің мүшелеріне бекіту қажет", - деп атап өтті Асхат Оралов.
Жаңалықтар
0