Спорт

Бейжіңде Паралимпиада ойындары басталды

© AP Photo / Dita AlangkaraБейжіңде Паралимпиада ойындары басталды
Бейжіңде Паралимпиада ойындары басталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.03.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 4 наурыз – Sputnik. Қысқы Паралимпиада ойындарының ресми салтанатты рәсімі өтіп жатыр, осы жылдың 4-13 наурызы аралығында үздік спортшылар кім мықтыны анықтайды.
Қазақстан құрамасы стадионнан өтті. Қазақстанның ұлттық паралимпиада құрамасына бес спортшы енді: Александр Герлиц, Ербол Хамитов, Сергей Усольцев, Юрий Березин және Денис Петренко.
Қазақстандықтар XIII қысқы Паралимпиада ойындарының трансляциясын Qazsport телеарнасынан тамашалай алады.
Отандық спортшылар шаңғы спорты жарысы және парабиатлоннан сынға түседі.
Парашаңғы спортынан әлем кубогының қола жүлдегері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ербол Хамитов Бейжіңде өтетін 2022 жылғы Паралимпиада құрамасының ту ұстаушысы болып бекітілді.
Паралимпиадаға әлемнің 50 елінен 700-ден астам спортшы қатысады.
Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында 1994 жылы Любовь Воробьева шаңғы жарысынан күміс медаль, 2018 жылы парашаңғышы Александр Колядин алтын жеңіп алды.
Жаңалықтар
0