https://sputnik.kz/20220304/almaty-turgyn-uy-sertifikaty-23294376.html
Алматыда тұрғын үй сертификатына бөлінген қаржы көлемі артты
Алматыда тұрғын үй сертификатына бөлінген қаржы көлемі артты
Sputnik Қазақстан
Қаржыландыру 1 миллион теңгеден 1,5 миллион теңгеге дейін ұлғайтылды 04.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-04T13:31+0500
2022-03-04T13:31+0500
2022-03-04T13:31+0500
өңірлер
алматы
тұрғын үй
https://sputnik.kz/img/07e6/02/17/23018302_0:0:1280:721_1920x0_80_0_0_615acd531200773b449bb25123bea106.jpg
АЛМАТЫ, 4 наурыз – Sputnik. Алматыда қала билігі халықтың жекелеген санаты үшін тұрғын үй қарызы бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін тұрғын үй сертификаттарын беруге қосымша жарты миллиард теңге бөледі. Бұл туралы қала мәслихатының XVI сессиясында айтылды. Жиында мемлекет басшысының Алматыны қалпына келтіру және одан әрі дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында биылға арналған жергілікті бюджет нақтыланды. Нақтылау өткен жылдан 48,9 миллиард теңге сомасындағы қолда бар бос қаржы қалдығы есебінен жүргізілді, деп хабарлады қалалық мәслихаттың баспасөз қызметі. Отырыс барысында қала әкімі Ерболат Досаев бұл қаржы әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар мен жобаларды қаржыландыруға бағытталатынын айтты. Соның бірі – тұрғын үй қарызы бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін тұрғын үй сертификаттарын беруге арналған қаржыландыруды ұлғайту. Шағын және орта бизнесті дамытуды ынталандыру және жаңа жұмыс орындарын құру мақсатында бизнесті қолдау бойынша қосымша шаралар пакеті дайындалды. Айта кетері, бұған дейін қаражаттың бір бөлігі қаланың мемлекеттік мектептерінің 1-4 сынып оқушылары үшін тегін ыстық тамақты қаржыландыруға жұмсалатыны хабарланды.
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/02/17/23018302_143:0:1280:853_1920x0_80_0_0_20fd79dcabdea1fe0e8ab092e0ec5f2b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, тұрғын үй
Алматыда тұрғын үй сертификатына бөлінген қаржы көлемі артты
Қаржыландыру 1 миллион теңгеден 1,5 миллион теңгеге дейін ұлғайтылды
АЛМАТЫ, 4 наурыз – Sputnik. Алматыда қала билігі халықтың жекелеген санаты үшін тұрғын үй қарызы бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін тұрғын үй сертификаттарын беруге қосымша жарты миллиард теңге бөледі.
Бұл туралы қала мәслихатының XVI сессиясында айтылды. Жиында мемлекет басшысының Алматыны қалпына келтіру және одан әрі дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында биылға арналған жергілікті бюджет нақтыланды. Нақтылау өткен жылдан 48,9 миллиард теңге сомасындағы қолда бар бос қаржы қалдығы есебінен жүргізілді, деп хабарлады қалалық мәслихаттың баспасөз қызметі.
Отырыс барысында қала әкімі Ерболат Досаев бұл қаржы әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар мен жобаларды қаржыландыруға бағытталатынын айтты.
Соның бірі – тұрғын үй қарызы бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін тұрғын үй сертификаттарын беруге арналған қаржыландыруды ұлғайту.
"Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғын үй заемы арқылы бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін тұрғын үй сертификаттарын беру бойынша қаржыландыру 1 миллион теңгеден 1,5 миллион теңгеге дейін ұлғайтылды, оған 500 миллион теңге қарастырылды. Осы сертификаттарды алушылардың тізбесіне 1 және 2 топтағы мүгедектер, мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар кіреді", - делінген ақпаратта.
Шағын және орта бизнесті дамытуды ынталандыру және жаңа жұмыс орындарын құру мақсатында бизнесті қолдау бойынша қосымша шаралар пакеті дайындалды.
Айта кетері, бұған дейін қаражаттың бір бөлігі қаланың мемлекеттік мектептерінің 1-4 сынып оқушылары үшін тегін ыстық тамақты қаржыландыруға жұмсалатыны хабарланды.