https://sputnik.kz/20220304/almaty-prezident-rezidentsiyasy-basqarma-23297813.html
Алматыдағы президент резиденциясын бұзуға не себеп болды – басқарма жауабы
Алматыдағы президент резиденциясын бұзуға не себеп болды – басқарма жауабы
Sputnik Қазақстан
Ғимарат қаңтардағы тәртіпсіздік кезінде қиратылды 04.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-04T14:31+0500
2022-03-04T14:31+0500
2022-05-23T14:57+0500
президент
алматы
қаңтар оқиғасы
https://sputnik.kz/img/07e6/02/10/22846217_0:64:2731:1600_1920x0_80_0_0_be1e85f0a8b44ba1753409c8bba4693b.jpg
АЛМАТЫ, 4 наурыз – Sputnik. Президенттің іс басқармасы Алматыда тәртіпсіздік кезінде қиратылған Резиденцияның неліктен бұзылатынын айтты.Бұған дейін Ақорданың баспасөз қызметі президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен ғимараттың бұзылатынын хабарлаған.Басқарма Қазақстан көпсалалы қайта құру және даму институты сарапшыларының түпкілікті қорытындысы шыққанын, олар Резиденция ғимаратының пайдалануға келмейтінін айтқанын мәлімдеді.Сонымен қатар қазір нысанның құрылымдық элементтерінің бір бөлігі қолданыстағы құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес келмейді. Ғимараттың негізгі конструкцияларын қалпына келтіру және оны сейсмикалық күшейту үшін қомақты қаражат қажет."Сарапшылардың пікірінше, Резиденция ғимаратын қайта жабдықтап, оны пайдалану қауіпті болады", - деп хабарлады басқарма.Бұл ғимарат республикалық маңызы бар тарихи ескерткіш саналады. Сондықтан заңнамаға сәйкес талаптар бойынша сүріледі.Айта кетері, ғимарат 5-6 қаңтарда жаппай тәртіпсіздік кезінде қирады. Бірінші қабатқа бүлікшілер көлік кіргізіп, жарып жіберген.
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/02/10/22846217_0:0:2731:2048_1920x0_80_0_0_a7bc4576d7174928a5a6c4bfad7221d8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
президент, алматы
Алматыдағы президент резиденциясын бұзуға не себеп болды – басқарма жауабы
14:31 04.03.2022 (жаңартылды: 14:57 23.05.2022) Ғимарат қаңтардағы тәртіпсіздік кезінде қиратылды
АЛМАТЫ, 4 наурыз – Sputnik. Президенттің іс басқармасы Алматыда тәртіпсіздік кезінде қиратылған Резиденцияның неліктен бұзылатынын айтты.
Бұған дейін Ақорданың баспасөз қызметі президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен ғимараттың бұзылатынын хабарлаған.
Басқарма Қазақстан көпсалалы қайта құру және даму институты сарапшыларының түпкілікті қорытындысы шыққанын, олар Резиденция ғимаратының пайдалануға келмейтінін айтқанын мәлімдеді.
"Өрттің және аса жоғары температура салдарынан барлық тіреуіш құрылымы мен шатырдың негізі саналатын металл элементтері зақымдалған. Ғимараттың сақталған фрагменттерінде ыстың иісін толығымен жою мүмкін емес", - деп толықтырды басқарма.
Сонымен қатар қазір нысанның құрылымдық элементтерінің бір бөлігі қолданыстағы құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес келмейді. Ғимараттың негізгі конструкцияларын қалпына келтіру және оны сейсмикалық күшейту үшін қомақты қаражат қажет.
"Сарапшылардың пікірінше, Резиденция ғимаратын қайта жабдықтап, оны пайдалану қауіпті болады", - деп хабарлады басқарма.
Бұл ғимарат республикалық маңызы бар тарихи ескерткіш саналады. Сондықтан заңнамаға сәйкес талаптар бойынша сүріледі.
Айта кетері, ғимарат 5-6 қаңтарда жаппай тәртіпсіздік кезінде қирады. Бірінші қабатқа бүлікшілер көлік кіргізіп, жарып жіберген.