https://sputnik.kz/20220304/almaty-kolik-videosy-23289439.html
Алматыда көлік айдап кеткен ер адамның біртүрлі әрекеті видеоға түсіп қалды
Алматыда көлік айдап кеткен ер адамның біртүрлі әрекеті видеоға түсіп қалды
Sputnik Қазақстан
"Иесін жүксалғышқа тиеп алды" деген мәлімет болған 04.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-04T11:00+0500
2022-03-04T11:00+0500
2022-03-04T11:03+0500
оқиға
алматы
көлік
https://sputnik.kz/img/old/245/40/2454019_0:10:500:291_1920x0_80_0_0_565f32551562b6724c9bacc3f9c2480a.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 4 наурыз – Sputnik. Әлеуметтік желіде Алматы қаласында түсірілген видео тарады. "Chevrolet" жүргізушісі жаяу жүргінші жолымен жүріп, адамдарды басып кете жаздаған. Ағашқа соғылғаннан кейін ғана тоқтаған.Куәгерлер Абай-Алтынсарин көшесінің қиылысында ер адам көлік айдап кеткенін айтқан. "Иесін жүксалғышқа тиеп алды" деген мәлімет болған. Бірақ қалалық полиция департаменті мұны жоққа шығарды. Ал көлікті айдап кеткенін рстады.Ал арыз түсірген көлік иесі ол адамды "сау жүргізуші" қызметі бойынша шақырғанын айтты. Қазіргі кезде тексеріс шаралары басталды. Тәртіп сақшылары Қылмыстық кодекстің 200-бабы ("Автомобильдi немесе өзге де көлiкті иеленіп алу") бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Айта кетері, көлік айдап кеткені үшін 1 000 айлық есептiк көрсеткiшке (3 063 000 теңге) дейiнгi мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына тарту көзделген. 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстар, я болмаса, екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы да қарастырылған.
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/245/40/2454019_21:0:497:357_1920x0_80_0_0_32c9e53a8c989b6d2322d0eb6ecdc818.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, көлік
Алматыда көлік айдап кеткен ер адамның біртүрлі әрекеті видеоға түсіп қалды
11:00 04.03.2022 (жаңартылды: 11:03 04.03.2022) "Иесін жүксалғышқа тиеп алды" деген мәлімет болған
НҰР-СҰЛТАН, 4 наурыз – Sputnik. Әлеуметтік желіде Алматы қаласында түсірілген видео тарады. "Chevrolet" жүргізушісі жаяу жүргінші жолымен жүріп, адамдарды басып кете жаздаған. Ағашқа соғылғаннан кейін ғана тоқтаған.
Куәгерлер Абай-Алтынсарин көшесінің қиылысында ер адам көлік айдап кеткенін айтқан. "Иесін жүксалғышқа тиеп алды" деген мәлімет болған. Бірақ қалалық полиция департаменті мұны жоққа шығарды. Ал көлікті айдап кеткенін рстады.
"Бөтен біреудің көлігін айдап кету әрекеті болды. Көлік иесі оны тоқтатамын деп, капотқа секірген, бірақ құлап кетті. Кейін көлік айдап кеткен адам автоны тастап, жаяу қашып кетті", - дейді полицейлер.
Ал арыз түсірген көлік иесі ол адамды "сау жүргізуші" қызметі бойынша шақырғанын айтты. Қазіргі кезде тексеріс шаралары басталды. Тәртіп сақшылары Қылмыстық кодекстің 200-бабы ("Автомобильдi немесе өзге де көлiкті иеленіп алу") бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Айта кетері, көлік айдап кеткені үшін 1 000 айлық есептiк көрсеткiшке (3 063 000 теңге) дейiнгi мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына тарту көзделген. 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстар, я болмаса, екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы да қарастырылған.