https://sputnik.kz/20220303/toqaev-bas-prokuror-qyzmeti-23253216.html
Қазақстанның жаңа бас прокуроры тағайындалды
Қазақстанның жаңа бас прокуроры тағайындалды
Sputnik Қазақстан
Берік Асылов 1991 жылдан бастап осы уақытқа дейін прокуратура органдарында қызмет атқарып келеді 03.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-03T09:04+0500
2022-03-03T09:04+0500
2022-03-03T09:32+0500
саясат
қасым-жомарт тоқаев
прокурор
https://sputnik.kz/img/23/85/238584_0:49:5845:3336_1920x0_80_0_0_6cda10954fc61a551f840fe45c7d93e3.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 3 наурыз – Sputnik. Парламент сенаты президентке Қазақстанның бас прокуроры лауазымына Берік Асыловты тағайындауға келісім берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Конституцияға сәйкес, президенттің бас прокурорды тағайындауына келісім беру сенаттың ерекше қарауына жатады. Сенат депутаттары кандидатураны бірауыздан қолдап дауыс берді. Кейін тиісті жарлық Ақорда сайтында жарияланды."Берік Ноғайұлы Асылов Қазақстан Республикасының бас прокуроры лауазымына тағайындалсын", - делінген жарлық мәтінінде.Еске салсақ, осы күнге дейін Қазақстанның бас прокуроры қызметін атқарған Ғизат Нұрдәулетов биыл 25 ақпанда Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы лауазымына тағайындалған болатын.Ол Әсет Исекешевтің орнына барды, Исекешев президент көмекшісі болды.Жаңа бас прокурор туралы не белгіліБерік Асылов 1991 жылдан бастап осы уақытқа дейін прокуратура органдарында қызмет атқарып келеді. Қазақстанның бірқатар өңірінде прокуратура органдарын басқарды.2019 жылдың наурызынан бастап Қазақстан бас прокурорының бірінші орынбасары болды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/23/85/238584_0:0:5025:3769_1920x0_80_0_0_ae61af8e4e597c1fbc62e89b02f9d49e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, прокурор
қасым-жомарт тоқаев, прокурор
Қазақстанның жаңа бас прокуроры тағайындалды
09:04 03.03.2022 (жаңартылды: 09:32 03.03.2022) Берік Асылов 1991 жылдан бастап осы уақытқа дейін прокуратура органдарында қызмет атқарып келеді
НҰР-СҰЛТАН, 3 наурыз – Sputnik. Парламент сенаты президентке Қазақстанның бас прокуроры лауазымына Берік Асыловты тағайындауға келісім берді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Конституцияға сәйкес, президенттің бас прокурорды тағайындауына келісім беру сенаттың ерекше қарауына жатады.
"Мемлекет басшысы Қазақстан бас прокуроры қызметіне Берік Асыловты тағайындауға сенаттың келісім беруіне ұсыныс енгізді. Президент ұсынған кандидатураны қолдауды сұраймыз", - деді президент әкімшілігі басшысының орынбасары Ержан Жиенбаев.
Сенат депутаттары кандидатураны бірауыздан қолдап дауыс берді. Кейін тиісті жарлық Ақорда сайтында жарияланды.
"Берік Ноғайұлы Асылов Қазақстан Республикасының бас прокуроры лауазымына тағайындалсын", - делінген жарлық мәтінінде.
Еске салсақ, осы күнге дейін Қазақстанның бас прокуроры қызметін атқарған Ғизат Нұрдәулетов биыл 25 ақпанда Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы лауазымына тағайындалған болатын.
Ол Әсет Исекешевтің орнына барды, Исекешев президент көмекшісі болды.
Жаңа бас прокурор туралы не белгілі
Берік Асылов 1991 жылдан бастап осы уақытқа дейін прокуратура органдарында қызмет атқарып келеді. Қазақстанның бірқатар өңірінде прокуратура органдарын басқарды.
2019 жылдың наурызынан бастап Қазақстан бас прокурорының бірінші орынбасары болды.