https://sputnik.kz/20220303/sot-baqauov-otinish-23245621.html
Сот Бақауовтың өтінішін қанағаттандырмады
Сот Бақауовтың өтінішін қанағаттандырмады
Sputnik Қазақстан
Сот коллегиясы жазаның жартысын өтеу оны шартты түрге ауыстыруға жеткіліксіз деп шешті 03.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-03T07:01+0500
2022-03-03T07:01+0500
2022-03-03T07:01+0500
қоғам
болат бақауов
сот
https://sputnik.kz/img/1083/88/10838872_0:94:1000:657_1920x0_80_0_0_370300d62eb0cc919a89bdb1c1bc6a41.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 2 наурыз – Sputnik. Павлодар облысының аппеляциялық коллегиясы Болат Бақауовтың жазаны шартты түрде өтеу туралы өтінішін қанағаттандырмады. Комиссия Павлодар қаласының №2 қылмыстық соты шығарған қаулыны күшінде қалдырды.Болат Бақауовтың үш қорғаушысы сотқа сотталушының пробация қызметі мен учаскелік инспектордан алынған жағымды мінездемесін, мәжіліс пен қылмыстық атқару жүйесі комитетінен хат, осыған ұқсас өзге сот қаулыларын ұсынды. Бұл құжаттардың барлығы өтінішке қоса берілді.Алайда сот шешімін өзгертуге көмектесе алмады. Сот коллегиясы жазаның жартысын өтеу оны шартты түрде өтеуге ауыстыру үшін жеткіліксіз деп шешті.Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың мамырында Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов жиенінің салық төлеуден жалтарған фирмасының қаржылық мүдделерін қолдауға байланысты сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін сотталды.Бұрынғы әкім кінәні толық мойындады және лауазымын асыра пайдаланғаны үшін 3 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу жазасын алды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1083/88/10838872_0:0:1000:750_1920x0_80_0_0_2809d3f41556dcaca6378b39aa215797.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
болат бақауов, сот
Сот Бақауовтың өтінішін қанағаттандырмады
Сот коллегиясы жазаның жартысын өтеу оны шартты түрге ауыстыруға жеткіліксіз деп шешті
НҰР-СҰЛТАН, 2 наурыз – Sputnik. Павлодар облысының аппеляциялық коллегиясы Болат Бақауовтың жазаны шартты түрде өтеу туралы өтінішін қанағаттандырмады.
Комиссия Павлодар қаласының №2 қылмыстық соты шығарған қаулыны күшінде қалдырды.
Болат Бақауовтың үш қорғаушысы сотқа сотталушының пробация қызметі мен учаскелік инспектордан алынған жағымды мінездемесін, мәжіліс пен қылмыстық атқару жүйесі комитетінен хат, осыған ұқсас өзге сот қаулыларын ұсынды. Бұл құжаттардың барлығы өтінішке қоса берілді.
Алайда сот шешімін өзгертуге көмектесе алмады. Сот коллегиясы жазаның жартысын өтеу оны шартты түрде өтеуге ауыстыру үшін жеткіліксіз деп шешті.
"Бұдан кейін де сотталушының тәртібі жақсы болса, ол алты айдан соң осы өтінішпен сотқа қайта жүгіне алады", - деді сот төрағасы Марат Рымбеков.
Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың мамырында Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов жиенінің салық төлеуден жалтарған фирмасының қаржылық мүдделерін қолдауға байланысты сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін сотталды.
Бұрынғы әкім кінәні толық мойындады және лауазымын асыра пайдаланғаны үшін 3 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу жазасын алды.