https://sputnik.kz/20220303/resey-qazaqstandyq-tauarlar-europa-23252523.html
Ресейде тұрып қалған қазақстандық тауарлар Еуропаға Латвия арқылы жеткізілуі мүмкін
Ресейде тұрып қалған қазақстандық тауарлар Еуропаға Латвия арқылы жеткізілуі мүмкін
Sputnik Қазақстан
Ресей аумағында орналасқан жүктерді Латвияның Рига және Вэнстпилс порттарына жіберу мәселесі қарастырылып жатыр 03.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-03T08:46+0500
2022-03-03T08:46+0500
2023-08-09T10:10+0500
экономика
экспорт
жүк
https://sputnik.kz/img/980/31/9803131_0:155:1280:875_1920x0_80_0_0_772230cb893274a23ed81f5a93fa17d0.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 3 наурыз – Sputnik. Еуропалық одақ елдері мен Ресей Федерациясы арасындағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты қазақстандық жүктердің халықаралық тасымалдары бойынша проблемалар туындап отыр. Қазіргі уақытта индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі "ҚТЖ" ұлттық компаниясы бірлесіп, Антверпен, Гамбург, Пириней, Роттердам және Мугга транзиттік порттары қабылдаудан бас тартқан, Ресей кемелерімен Санкт-Петербург және Новороссийск қалаларының порттары арқылы жүктерді тасымалдау кезінде туындаған проблемаларды шешу үшін шаралар қабылдап жатыр.Ресей аумағында орналасқан жүктерді Латвияның Рига және Вэнстпилс порттарына жіберу мәселесі қарастырылып жатыр. Сондай-ақ, отандық экспорттаушыларға балама ретінде Ақтау және Құрық порттары арқылы және одан әрі Транскаспий халықаралық көлік бағытын пайдалану ұсынылды.Бүгінгі тағда аталған бағытпен Ақтау және Баку порттары арасында тұрақты контейнерлік қатынас және Құрық – Баку паромдық қатынасы жолға қойылған.Сонымен қатар, министрлік Транскаспий халықаралық көлік бағытын үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында Бакуде Әзербайжан, Грузия және Түркияның құзырлы органдарымен және көлік ұйымдарымен кездесу ұйымдастыруды жоспарлап отыр.Мәскеуде "ҚТЖ" ұлттық компаниясы қазақстандық жүктерді тасымалдау логистикасы мәселелері бойынша Ресей темір жолдарымен келіссөздер жүргізіп жатыр. Сонымен қатар, "ҚТЖ" ҰК" АҚ жанында теміржол жүк тасымалы мәселелері бойынша жедел желі ашылды. Оның ішінде:
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/980/31/9803131_0:35:1280:995_1920x0_80_0_0_a8dd4fcd7b7f744635c056e2fc1422e7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
экспорт, жүк
Ресейде тұрып қалған қазақстандық тауарлар Еуропаға Латвия арқылы жеткізілуі мүмкін
08:46 03.03.2022 (жаңартылды: 10:10 09.08.2023) Ресей аумағында орналасқан жүктерді Латвияның Рига және Вэнстпилс порттарына жіберу мәселесі қарастырылып жатыр
НҰР-СҰЛТАН, 3 наурыз – Sputnik. Еуропалық одақ елдері мен Ресей Федерациясы арасындағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты қазақстандық жүктердің халықаралық тасымалдары бойынша проблемалар туындап отыр.
Қазіргі уақытта индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі "ҚТЖ" ұлттық компаниясы бірлесіп, Антверпен, Гамбург, Пириней, Роттердам және Мугга транзиттік порттары қабылдаудан бас тартқан, Ресей кемелерімен Санкт-Петербург және Новороссийск қалаларының порттары арқылы жүктерді тасымалдау кезінде туындаған проблемаларды шешу үшін шаралар қабылдап жатыр.
Ресей аумағында орналасқан жүктерді Латвияның Рига және Вэнстпилс порттарына жіберу мәселесі қарастырылып жатыр.
Сондай-ақ, отандық экспорттаушыларға балама ретінде Ақтау және Құрық порттары арқылы және одан әрі Транскаспий халықаралық көлік бағытын пайдалану ұсынылды.
Бүгінгі тағда аталған бағытпен Ақтау және Баку порттары арасында тұрақты контейнерлік қатынас және Құрық – Баку паромдық қатынасы жолға қойылған.
Сонымен қатар, министрлік Транскаспий халықаралық көлік бағытын үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында Бакуде Әзербайжан, Грузия және Түркияның құзырлы органдарымен және көлік ұйымдарымен кездесу ұйымдастыруды жоспарлап отыр.
Мәскеуде "ҚТЖ" ұлттық компаниясы қазақстандық жүктерді тасымалдау логистикасы мәселелері бойынша Ресей темір жолдарымен келіссөздер жүргізіп жатыр. Сонымен қатар, "ҚТЖ" ҰК" АҚ жанында теміржол жүк тасымалы мәселелері бойынша жедел желі ашылды.
жүктерді басқа бағытқа жіберуге өтінімдер қабылдау және кеңес беру (межелі станциялардыөзгерту, алғашқы тиеу станциясына қайтару жәнет.б.) бойынша "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС-нан жауапты маман - С. Абжалеев, телефоны: 8 (702) 164-55-39, 60-31-33;
"ҚТЖ "ҰК" АҚ-нан кедендік қызметке байланысты сұрақтар бойынша кеңес беретін қызметкер (Г. Хайрулина телефоны: 60-30-19, 8 (701) 341-32-20).