Қоғам

"World Business Consulting" басшысы қаржы пирамидасын құрды деген күдікке ілінді

© Sputnik / Абзал Калиевқаржы пирамидасы
қаржы пирамидасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.03.2022
Жазылу
Компания өзіне сенген азаматтардың жарналарын қабылдап, 2018 жылдан 2022 жылға дейін тұрақты сыйақы алуға уәде берген
НҰР-СҰЛТАН, 3 наурыз – Sputnik. Маңғыстау облысы бойынша қаржы мониторингі агенттігі аумақтық департаменті қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша "World Business Consulting" компаниясына қатысты қылмыстық істі тергеуде.
"World Business Consulting" компаниясы өзіне сенген азаматтардың жарналарын қабылдап, 2018 жылдан 2022 жылға дейін тұрақты сыйақы алуға уәде берген. Шын мәнінде, компанияда заңды кәсіпкерлік қызметтен тұрақты табыс болған жоқ, ал қатысушылардың сыйақысы кейінгі салымшылардың қаражаты есебінен қамтамасыз етілді.
Аталған қылмысты жасады деген күдікпен "World Business Consulting" компаниясының директоры Жүгінбаева Жеміс ұсталды.
Жаңалықтар
0