https://sputnik.kz/20220303/pavlodar-zhurgizushi-video-23274518.html
Павлодарда жүргізуші адам өміріне қауіп төндірді – видео
Павлодарда жүргізуші адам өміріне қауіп төндірді – видео
Sputnik Қазақстан
Қала тұрғындары Mazda көлігінің тюбингпен адам сүйрегеніне куә болды 03.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-03T17:48+0500
2022-03-03T17:48+0500
2022-03-03T17:48+0500
павлодар
https://sputnik.kz/img/07e5/01/1d/16163146_1:0:3000:1687_1920x0_80_0_0_7073f0dc74bc1faabd2c9dd6cf6ad08c.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 3 наурыз – Sputnik. Павлодар тұрғыны автокөліктің артына тюбинг байлап, онымен ер адамды сүйреген.Ресми мәліметке сәйкес, полицияға Ертіс жағалауында серуендеп жүрген қала тұрғындары арыз түсірген. Олар Mazda көлігінің тюбингпен адам сүйрегеніне куә болған. Жүргізуші жолаушы тасымалдау ережесін бұзып қана қоймай, адам өміріне қауіп төндірген."Ондай экстремалды ойын-сауық өте қауіпті. Тюбингте отырған адам өзінің қозғалыс траекториясын басқара алмайды. Жолда бір кедергі болса, бірден соғылады. Ал көлік кілт тоқтаған жағдайда астына кіріп кетеді. Ондайда жарақат алу, тіпті мерт болу қаупі жоғары", - дейді патрульдік полиция батальонының командирі Ренат Шәріпов.Оның айтуынша, жақында тура сол жерде көлік мұз астына түсіп кеткен. Абырой болғанда, бұл жолы ешкім зардап шекпеген. Бірақ көлік жүргізуші Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 593-бабы, 1-бөлігі (Жолаушыларды және жүктерді тасымалдау қағидаларын сақтамау) бойынша жауапқа тартылды. Оған сәйкес, 5 АЕК (15 315 теңге) көлемінде айыппұл қарастырылған.
павлодар
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/01/1d/16163146_376:0:2625:1687_1920x0_80_0_0_9c7f67c38af01d154e39115532519ad6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
павлодар
Павлодарда жүргізуші адам өміріне қауіп төндірді – видео
Қала тұрғындары Mazda көлігінің тюбингпен адам сүйрегеніне куә болды
НҰР-СҰЛТАН, 3 наурыз – Sputnik. Павлодар тұрғыны автокөліктің артына тюбинг байлап, онымен ер адамды сүйреген.
Ресми мәліметке сәйкес, полицияға Ертіс жағалауында серуендеп жүрген қала тұрғындары арыз түсірген. Олар Mazda көлігінің тюбингпен адам сүйрегеніне куә болған. Жүргізуші жолаушы тасымалдау ережесін бұзып қана қоймай, адам өміріне қауіп төндірген.
"Ондай экстремалды ойын-сауық өте қауіпті. Тюбингте отырған адам өзінің қозғалыс траекториясын басқара алмайды. Жолда бір кедергі болса, бірден соғылады. Ал көлік кілт тоқтаған жағдайда астына кіріп кетеді. Ондайда жарақат алу, тіпті мерт болу қаупі жоғары", - дейді патрульдік полиция батальонының командирі Ренат Шәріпов.
Оның айтуынша, жақында тура сол жерде көлік мұз астына түсіп кеткен. Абырой болғанда, бұл жолы ешкім зардап шекпеген. Бірақ көлік жүргізуші Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 593-бабы, 1-бөлігі (Жолаушыларды және жүктерді тасымалдау қағидаларын сақтамау) бойынша жауапқа тартылды. Оған сәйкес, 5 АЕК (15 315 теңге) көлемінде айыппұл қарастырылған.