Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда танымал сайт арқылы шақырылған жұмысшы үй иесін тонап кетті

© Sputnik / Anar MustafayevАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.03.2022
Жазылу
Келіншек үй иесінің шығып кеткенін пайдаланып, оның қымбат алтын сырғасын ұрлап алған
НҰР-СҰЛТАН, 3 наурыз – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласында жалдамалы жұмыскер үй иесін тонап кетті.
Полицияға хабарласқан әйел үйінен 250 мың теңгенің сырғасы ұрланғанын айтты. Ол бейтаныс қыздан күдіктенгенін жеткізді. Оны "Naimi.kz" сайтының мобильді қосымшасы арқылы үй жинауға шақырыпты. Сөйтсе, күдікті келіншек үй иесінің шығып кеткенін пайдаланып, алтын сырғасын ұрлап алған. Одан кейін жұмыс ақысын алып, ізін жасырған.
Шұғыл іздестіру шаралары барысында 22 жастағы қыз ұсталды. Ол кінәсін мойындап, зергерлік бұйымды қайтарып берді.
Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Бұл бапқа сәйкес, 1 000 айлық есептiк көрсеткiшке (3 063 000 теңге) дейiн айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына немесе 800 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, я болмаса, үш жылға дейiн бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Кінәлі адамның мүлкі тәркіленуі мүмкін.
Жаңалықтар
0