Видео

Imanbek Ordinary Life әнінің бейнебаянын таныстырды – видео

Жазылу
Бейнебаянда жыл өткен сайын ұрпақ өзгеретіні, отбасылық байланыс туралы көрсетіледі
АЛМАТЫ, 3 наурыз – Sputnik. "Грэмми" иегері, қазақстандық диджейдің каналында халықаралық деңгейдегі автор, музыкант және орындаушылар бірге жұмыс істеген жаңа музыкалық видео жарияланды.
Жаңа жобаға атсалысқандар ішінде швед әншісі Kiddo, америкалық рэпер Уиз Халифа, қазақстандық продюсер Imanbek және ресейлік хип-хоп орындаушы KDDK бар.
Бейнебаянда жыл өткен сайын ұрпақ өзгеретіні, отбасылық байланыс туралы көрсетіледі. Ordinary Life синглінің премьерасы 2022 жылдың 28 қаңтарында өтті.
Айта кетері, бұған дейін Иманбектің 20 мамырда АҚШ-та өнер көрсететіні хабарланды. Грэмми сыйлығының иегері Колорадода Temple Denver алаңында шоу өткізеді.
Temple Denver алаңында өтетін шоуға сатылған әр билеттің 1 доллары қайырымдылыққа жұмсалады. Оның ішінде білім, музыка, қарым-қатынас және махаббат арқылы өзіне қастандық жасауға жол бермейтін музыка әуесқойлары қауымдастығына беріледі.
Жаңалықтар
0