Әлем

БҰҰ Бас ассамблеясы Ресейден Украинадан әскерін шығаруды талап етті

© AP Photo / Bebeto MatthewsЛоготип ООН
Логотип ООН - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.03.2022
Жазылу
БҰҰ Бас ассамблеясының талаптары ұсынымдық сипатқа ие
НҰР-СҰЛТАН, 3 наурыз – Sputnik. БҰҰ Бас ассамблеясы қарар қабылдады. Олар Ресейден Украинадағы арнайы операцияны тоқтатып, әскерін шығаруды талап еткен.
Бұл қарарды орындау міндет емес, тек ұсынымдық сипатқа ие. БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі ғана мемлекетке қатысты мәжбүрлеу шараларын қолдана алады. Алайда Ресей вето құқығына ие және кез келген қарарды бұғаттай алады.
БҰҰ жанындағы Ресейдің тұрақты өкілі Василий Небензя БҰҰ Бас ассамблеясының шешімін сынады. Айтуынша, онда Донбастағы бейбіт тұрғындардың өлімі туралы ештеңе айтылмаған.
"Украина дағдарысының дамуын бақылағандар оның неден басталғанын жақсы біледі. Бүгін біз, ең алдымен, Донбасс халқына қарсы майдан режиміндегі сегіз жылдық соғысты тоқтатуға тырысып жатырмыз. Бұған дейін біздің еліміз мұндай сценарийге жол бермеу үшін қолдан келгеннің бәрін жасады. Біз әрбір есікті қақты, алайда бізге ешкім құлақ аспады. Донбасс халқын бомбалауды жалғастырып жатыр", - деді Небензя.
Банк карталары - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.03.2022
Әлем
Ресейлік банктер SWIFT жүйесінен 12 наурызда ажыратылады
БҰҰ Бас ассамблеясында Украина мәселесі бойынша елдер қалай дауыс берді
Қарарды бірлесіп жазған елдер қатарында Украина, АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Канада, Жапония және тағы бірқатар мемлекет бар.
Қарарды қолдап 141 ел дауыс берсе, бес мемлекет қарсы шықты: Ресей, Беларусь, Сирия, КХДР және Эритрея.
Дауыс беру кезінде 34 ел, соның ішінде Қазақстан және ҰҚШҰ-ның қалған елдері, Қытай, Үндістан, Иран, Пәкістан, Ирак, Моңғолия, Куба, Вьетнам, Оңтүстік Африка және басқалары қалыс қалды.
Жаңалықтар
0