Қоғам

Жаңа бас прокурордың алғашқы мәлімдемесі: әрдайым ашық боламын

Берік Асылов - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.03.2022
Жазылу
Берік Асылов қаңтар трагедиясы кезінде қаза тапқандардың тізімін жариялауға уәде етті
НҰР-СҰЛТАН, 3 наурыз – Sputnik. Қазақстанның жаңа бас прокуроры Берік Асылов халыққа әрдайым ашық болатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Кеше президент әкімшілігінен маған хабар берді. Депутаттарға маған сенім артқаны үшін алғыс айтқым келеді. Мен әрдайым ашық боламын, болмысым сондай. Мен журналистерге әрқашан ашық болдым, кез келген мәселені сіздермен талқылап, ашық жұмыс істейміз", - деді Асылов сенат кулуарында журналистердің сауалына жауап беріп.
Ел басшылығы бас прокуратура алдына қандай міндеттер қойды деген сұраққа ол "үлкен міндеттер" деп қысқа қайырды.
Бұдан бөлек, Берік Асылов қаңтар трагедиясы кезінде қаза тапқандардың тізімін жариялауға уәде етті. Бірақ тергеу әлі жүріп жатқанын айтып, нақты датаны атаған жоқ.
Сондай-ақ қадағалау органының басшысы жақын арада БАҚ өкілдерімен брифинг өткізетініне сендірді. Бүгін, 3 наурызда Берік Асылов Қазақстанның бас прокуроры лауазымына тағайындалды.
Оның кандидатурасын сенатқа президент ұсынды. Асылов 2019 жылдың наурызынан бастап бүгінге дейін бас прокурордың бірінші орынбасары болған. Бұған дейін Қазақстанның бас прокуроры қызметін Ғизат Нұрдәулетов атқарған еді.
25 ақпанда Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен ол президент көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы лауазымына тағайындалды.
Жаңалықтар
0