https://sputnik.kz/20220303/aytysker-aqyn-parlament-deputat-23268831.html
Белгілі айтыскер ақын мәжіліс депутаты болды
Белгілі айтыскер ақын мәжіліс депутаты болды
Sputnik Қазақстан
Көпшілік Аманжол Әлтайды айтыс ақыны ретінде біледі 03.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-03T15:36+0500
2022-03-03T15:36+0500
2022-03-03T15:39+0500
саясат
айтыскер ақын
мәжіліс депутаты
https://sputnik.kz/img/07e6/03/03/23268124_0:91:2495:1494_1920x0_80_0_0_bf67e8938438a26f0e7dbaedb21149a3.jpg
АЛМАТЫ, 3 наурыз – Sputnik. AMANAT партиясынан (бұрынғы Nur Otan партиясы) мәжіліс депутатының бос мандаты Аманжол Әлтайға берілді, деп хабарлады партияның атқарушы хатшысы Асхат Оралов.Парламент мәжілісі депутатының бос мандатын партиялық тізім бойынша Аманжол Әлтайға беру туралы шешім 3 наурызда Саяси кеңес бюросының қаулысы бойынша қабылданды.Тиісті шешім орталық сайлау комиссиясына жіберілді."Аманжол Әлтайды көптен бері танимын. Тек елге танымал айтыскер ақын ғана емес, халық мүддесі үшін әркез салиқалы сөз түзіп жүрген азамат ретінде де жақсы білемін. Әрқашан елдің жанынан табылып, қиын кезде де партиямен бірге бола білген, ізін басып келе жатқан жастарға ісімен де, сөзімен де үлгі болып жүрген тұлға", - деп жазды Оралов.Ол сондай Аманжол Әлтайдың ортақ мүдде үшін нәтижелі жұмыс істейтініне сенім білдірді.Аманжол Әлтай – айтыскер ақын. Қарағанды облысында туған, 50 жаста. Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/03/03/23268124_0:0:2495:1872_1920x0_80_0_0_eb0a426e1a4a25a35ac699d83c18d12c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
айтыскер ақын, мәжіліс депутаты
айтыскер ақын, мәжіліс депутаты
Белгілі айтыскер ақын мәжіліс депутаты болды
15:36 03.03.2022 (жаңартылды: 15:39 03.03.2022) Көпшілік Аманжол Әлтайды айтыс ақыны ретінде біледі
АЛМАТЫ, 3 наурыз – Sputnik. AMANAT партиясынан (бұрынғы Nur Otan партиясы) мәжіліс депутатының бос мандаты Аманжол Әлтайға берілді, деп хабарлады партияның атқарушы хатшысы Асхат Оралов.
Парламент мәжілісі депутатының бос мандатын партиялық тізім бойынша Аманжол Әлтайға беру туралы шешім 3 наурызда Саяси кеңес бюросының қаулысы бойынша қабылданды.
Тиісті шешім орталық сайлау комиссиясына жіберілді.
"Аманжол Әлтайды көптен бері танимын. Тек елге танымал айтыскер ақын ғана емес, халық мүддесі үшін әркез салиқалы сөз түзіп жүрген азамат ретінде де жақсы білемін. Әрқашан елдің жанынан табылып, қиын кезде де партиямен бірге бола білген, ізін басып келе жатқан жастарға ісімен де, сөзімен де үлгі болып жүрген тұлға", - деп жазды Оралов.
Ол сондай Аманжол Әлтайдың ортақ мүдде үшін нәтижелі жұмыс істейтініне сенім білдірді.
Аманжол Әлтай – айтыскер ақын. Қарағанды облысында туған, 50 жаста. Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.