Экономика

Теңге кешкі саудада біраз нығайды

© Sputnik / Владислав ВодневДоллар мен теңге
Доллар мен теңге - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.03.2022
Жазылу
Кешкі саудада доллар екі теңгеге арзандады
НҰР-СҰЛТАН, 2 наурыз – Sputnik. Қазақстандық қор биржасының кешкі саудасының нәтижесі бойынша, 2 наурызда доллардың орташа бағамы 490,31 теңгені құрады.
Таңғы саудада доллардың орташа бағамы 492,21 теңге болған.
Салыстырмалы түрде алар болсақ, кеше, 1 наурызда, кешке доллардың орташа бағамы 485,53 теңге болған.
Сонымен қатар, теңге рубльге шаққанда біраз нығайды. Қазақстандық қор биржасының кешкі сауда нәтижесі бойынша, рубльдің орташа бағамы 4,95 теңге.
Жаңалықтар
0