Өңірлер

Шымкенттің екі тұрғынынан жарты келіден астам есірткі табылды

© Sputnik / Табылды Кадырбеков / Медиабанкке өтукісен
кісен - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.03.2022
Жазылу
Полиция оларды қала көшелерінің бірінде қолға түсірді
НҰР-СҰЛТАН, 2 наурыз – Sputnik. Шымкент полицейлері екі жігіттен жарты келіден астам есірткі тәркіледі, деп хабарлайды Polisia.kz.
“Дәрмек” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу кезінде екі жас жігіт полиция қызметкерлерінің назарына ілінді.
Полиция оларды қала көшелерінің бірінде BMW автокөлігінің ішінде отырған жерінен қолға түсірді.
Көлікті тексеру барысында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілдері жолаушының сөмкесінен синтетикалық есірткіге ұқсас зат салынған полиэтилен пакетін тәркіледі.
Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 538 грамды құрайтын “мефедрон” болып шықты.
Жаңалықтар
0