https://sputnik.kz/20220302/resey-sanktsiyalar-qazaqstandyq-munay-23225266.html
Ресейге қатысты санкциялардың қазақстандық мұнайға тигізген әсері қандай
Ресейге қатысты санкциялардың қазақстандық мұнайға тигізген әсері қандай
Sputnik Қазақстан
БАҚ-та Ресейге қатысты санкциялардың салдары қазақстандық мұнай экспорттаушыларына тигені туралы ақпарат тарады 02.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-02T11:31+0500
2022-03-02T11:31+0500
2022-03-02T11:32+0500
экономика
мұнай
https://sputnik.kz/img/07e5/09/03/18035552_0:107:3149:1878_1920x0_80_0_0_9c264e09907a3ce1e2080b0bc877709b.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 2 наурыз — Sputnik. Ресейге салынған санкцияларға байланысты Каспий құбыр консорциумы мұнай тасымалдауда қиындықтарға тап болды. Қазақстандық мұнай ағыны ресейлік экспорт проблемаларына тәуелді болды. Бұл туралы Reuters басылымына анонимді трейдерлер мәлімдеді.Қазақстанның энергетика министрлігі мәселенің мән-жайын анықтап жатыр. Кейінірек түсініктеме берілетіні хабарланды. Трейдерлердің айтуынша, әлемдік нарықтарға мұнайдың 1,2%-і тасымалданатын КҚК мұнай құбыры соңғы кезде ресейлік санкциялардың проблемаларына тап болды. Өйткені сатып алушылар ресейлік мұнаймен араластырылатын және Ресей портынан тиелетін мұнайды сатып алудан қашады.Консорциум, Ресейдің Новороссийск портынан мұнай экспорттап, оны ресейлік сорттармен араластырады. Бұдан сатып алушылардың біразы тартынып отыр. Оның үстіне кемелерді сақтандыруды қиындайды.КҚК тәулігіне шамамен 1,2 миллион баррель мұнай жөнелтеді. Бұл Chevron (CVX), Exxon Mobil (XOM.N), Eni және Shell (SHEL.L) өндіретін қазақстандық кен орындарының әлемдік жеткізілімдерінің 1,2%-і."Теңізшевройлдағы" ірі экспорттаушы коммерциялық мәселелерге түсініктеме беруден бас тартты. Мұнай өндірісі мен экспорты әлі де қалыпты режимде жалғасып жатқанын мәлімдеді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/09/03/18035552_418:0:3149:2048_1920x0_80_0_0_dfc7e20e90e7e4d2ab91a8524dd96766.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мұнай
Ресейге қатысты санкциялардың қазақстандық мұнайға тигізген әсері қандай
11:31 02.03.2022 (жаңартылды: 11:32 02.03.2022) БАҚ-та Ресейге қатысты санкциялардың салдары қазақстандық мұнай экспорттаушыларына тигені туралы ақпарат тарады
НҰР-СҰЛТАН, 2 наурыз — Sputnik. Ресейге салынған санкцияларға байланысты Каспий құбыр консорциумы мұнай тасымалдауда қиындықтарға тап болды.
Қазақстандық мұнай ағыны ресейлік экспорт проблемаларына тәуелді болды. Бұл туралы
Reuters басылымына анонимді трейдерлер мәлімдеді.
Қазақстанның энергетика министрлігі мәселенің мән-жайын анықтап жатыр. Кейінірек түсініктеме берілетіні хабарланды.
Трейдерлердің айтуынша, әлемдік нарықтарға мұнайдың 1,2%-і тасымалданатын КҚК мұнай құбыры соңғы кезде ресейлік санкциялардың проблемаларына тап болды. Өйткені сатып алушылар ресейлік мұнаймен араластырылатын және Ресей портынан тиелетін мұнайды сатып алудан қашады.
Консорциум, Ресейдің Новороссийск портынан мұнай экспорттап, оны ресейлік сорттармен араластырады. Бұдан сатып алушылардың біразы тартынып отыр. Оның үстіне кемелерді сақтандыруды қиындайды.
КҚК тәулігіне шамамен 1,2 миллион баррель мұнай жөнелтеді. Бұл Chevron (CVX), Exxon Mobil (XOM.N), Eni және Shell (SHEL.L) өндіретін қазақстандық кен орындарының әлемдік жеткізілімдерінің 1,2%-і.
"Теңізшевройлдағы" ірі экспорттаушы коммерциялық мәселелерге түсініктеме беруден бас тартты. Мұнай өндірісі мен экспорты әлі де қалыпты режимде жалғасып жатқанын мәлімдеді.