https://sputnik.kz/20220302/qazaqstan-ekologiyalyq-partiya-23243500.html
Қазақстанда экологиялық партия пайда болуы мүмкін
Қазақстанда экологиялық партия пайда болуы мүмкін
Sputnik Қазақстан
Бастамашы топтың мүшелері жақын арада жаңа экологиялық партияны тіркеуге құжат тапсырады 02.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-02T17:42+0500
2022-03-02T17:42+0500
2022-03-02T17:42+0500
саясат
партия
экология
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/1e/15612947_0:0:3000:1688_1920x0_80_0_0_00dc4a7bcd2d9a1079f89eed79ef6849.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 2 наурыз – Sputnik. Нұр-Сұлтанда "Байтақ" экологиялық партиясын Қазақстанның әділет министрлігінде тіркеу туралы ұйымдастыру комитетінің отырысы өтті.Іс-шараға белгілі қоғам және саяси қайраткерлер Ирак Елекеев, Дос Нұр-Ахмет, Азаматхан Әміртаев, Виктор Сейпульник, экологиялық үкіметтік емес ұйымдар, еріктілер қозғалысы, республикалық бақылаушылар қозғалысының жетекшілері, "Байтақ болашақ" экологиялық альянсы облыстық филиалдарының басшылары мен жас көшбасшылары қатысты.Отырыста бастамашы топ мемлекет және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтің кандидатурасын халықаралық "Нобель" сыйлығына ұсынуды шешті. Олар Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа бұл қоғамдық бастаманы қолдауды өтініп хат жазады.Сондай-ақ барлық қатысушы Тоқаевтың Қазақстанның саяси жаңғыруына қатысты ұстанымын да қолдады."Бұдан бөлек жер асты және жер үсті суларына әсер ететін зиянды заттарды азайту бойынша проблемалық экологиялық мәселелер көтерілді. Халықтың денсаулығына келтірілген зиян үшін өтемақы төлеу бөлігінде жұмыс жүргізіп, балалардың денсаулығына ерекше назар аудару қажет", - деп мәлімдеді комитеттегілер.Таяу күндері "Байтақ" ХЭП ұйымдастыру комитеті бастамашы тобының мүшелері уәкілетті органға тіркеу үшін құжаттарын тапсырады.Еске салсақ, қазір Қазақстанда 6 тіркелген партия жұмыс істейді. Олардың үшеуі парламентке өткен.
https://sputnik.kz/20220302/partiya-nur-otan-atauy-23226698.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/1e/15612947_391:0:2642:1688_1920x0_80_0_0_ba3dc6a05f361d2d28866e0dc70c6a0b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
партия, экология
Қазақстанда экологиялық партия пайда болуы мүмкін
Бастамашы топтың мүшелері жақын арада жаңа экологиялық партияны тіркеуге құжат тапсырады
НҰР-СҰЛТАН, 2 наурыз – Sputnik. Нұр-Сұлтанда "Байтақ" экологиялық партиясын Қазақстанның әділет министрлігінде тіркеу туралы ұйымдастыру комитетінің отырысы өтті.
Іс-шараға белгілі қоғам және саяси қайраткерлер Ирак Елекеев, Дос Нұр-Ахмет, Азаматхан Әміртаев, Виктор Сейпульник, экологиялық үкіметтік емес ұйымдар, еріктілер қозғалысы, республикалық бақылаушылар қозғалысының жетекшілері, "Байтақ болашақ" экологиялық альянсы облыстық филиалдарының басшылары мен жас көшбасшылары қатысты.
"Күн тәртібіндегі мәселелерді талқылаған соң, барлық қатысушы "Байтақ" халықтық экологиялық партиясын әділет органдарында тіркеуді бірауыздан қолдап, партия манифесін қабылдады", - деп мәлімдеді ұйымдастыру комитеті.
Отырыста бастамашы топ мемлекет және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтің кандидатурасын халықаралық "Нобель" сыйлығына ұсынуды шешті. Олар Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа бұл қоғамдық бастаманы қолдауды өтініп хат жазады.
Сондай-ақ барлық қатысушы Тоқаевтың Қазақстанның саяси жаңғыруына қатысты ұстанымын да қолдады.
"Бұдан бөлек жер асты және жер үсті суларына әсер ететін зиянды заттарды азайту бойынша проблемалық экологиялық мәселелер көтерілді. Халықтың денсаулығына келтірілген зиян үшін өтемақы төлеу бөлігінде жұмыс жүргізіп, балалардың денсаулығына ерекше назар аудару қажет", - деп мәлімдеді комитеттегілер.
Таяу күндері "Байтақ" ХЭП ұйымдастыру комитеті бастамашы тобының мүшелері уәкілетті органға тіркеу үшін құжаттарын тапсырады.
Еске салсақ, қазір Қазақстанда 6 тіркелген партия жұмыс істейді. Олардың үшеуі парламентке өткен.