Алматыдағы жаппай тәрпісіздіктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.05.2022
Қаңтар оқиғасы
2022 жылғы қаңтарда Алматы қаласы мен басқа да өңірлерде болған жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты материалдар

Бас прокуратура YouTube-та жарияланған бейнеүндеуге түсініктеме берді

© SputnikБас прокуратура
Бас прокуратура - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.03.2022
Жазылу
YouTube желісінде қаруды өз еркімен тапсырған азаматтың жұбайының видеосы жарияланды
НҰР-СҰЛТАН, 2 наурыз – Sputnik. Қазақстанның бас прокуратурасы ұрланған қаруды өз еркімен тапсырған ер адам не себепті қылмыстық жазадан босатылмайтынын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
1-ші қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжановтың айтуынша, YouTube желісінде Т. Тоғжанның видеосы жарияланды. Ол жұбайын қылмыстық жауапқа тарту мәселесін көтеріп отыр. Ер адам қаруды өз еркімен тапсырған. Алайда полиция оны босатқан жоқ.

"Осы әйелдің жұбайы ағымдағы жылғы 6 қаңтарда адамдар тобында ауыр қылмыс жасады деген күдікке ілініп, Жамбыл облысы полиция департаментінің ғимаратына кіріп, одан 3 "Калашников" автоматтарын және тапаншаны ұрлап кеткен. Оның әрекеттері Қылмыстық Кодекстің 291-бабы бойынша қаруды ұрлау ретінде сараланады. Оған сәйкес, қылмыстық жауаптылықтан босату көзделмеген", - деді Қилымжанов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Осы орайда ол атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сақтаған кезде оны ерікті түрде тапсырса ғана қылмыстық жауапкершіліктен босату шарасы қолданылатынын атап өтті.
Қаруды сақтаудан басқа қылмыс құрамы болмауы керек.
Жаңалықтар
0