https://sputnik.kz/20220301/zhanaozen-zhedel-zhardem-narazylyq-23180918.html
"Жалақыны 400 мыңға көтерсін!": Жаңаөзендіктер наразылық білдіріп жатыр
"Жалақыны 400 мыңға көтерсін!": Жаңаөзендіктер наразылық білдіріп жатыр
Sputnik Қазақстан
Фельдшерлер мен медицина қызметкерлері жалақыны 300-400 мың теңгеге дейін көтеруді талап етті 01.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-01T07:27+0500
2022-03-01T07:27+0500
2023-08-10T16:58+0500
жедел жәрдем
наразылық
жалақы
https://sputnik.kz/img/218/13/2181341_0:123:3207:1927_1920x0_80_0_0_56bc315b7836a5e9204b0a6775283de9.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 1 наурыз – Sputnik. Жаңаөзен жедел жәрдем станциясы қызметкерлерінің бір бөлігі жалақыны көтеруді талап етіп, төрт күннен бері жұмысқа шығудан бас тартып отыр. Осы себепті 120 мыңға жуық тұрғыны бар қалада екі-ақ дәрігерлер бригадасы жұмыс істеп жатыр.Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы мемлекеттік мерекелер Наурыз, Тәуелсіздік күні қарсаңында, сондай-ақ медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай 1 ең төменгі жалақы (60 мың теңге) көлемінде төлем белгілегенін хабарлады. Сондай-ақ жұмыс беруші жедел жәрдем қызметкерлерінің еңбекақысына сараланған қосымша төлем белгілеуді ұсынды. Дәрігерлерге, фельдшерлер мен жүргізушілерге 40 000 теңге, санитарларға 20 000 теңге, басқа қызметкерлерге 30 000 теңге үстеме ақы төленеді.Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қазір Жаңаөзендегі жедел жәрдем жүргізушілері орташа есеппен айына 145 мың теңге, фельдшерлер 174 мың теңге, санитарлар 97 мың теңге жалақы алады, деп жазды Lada.kz.Жедел жәрдем станциясы қызметкерлерінің негізгі бөлігі 24 ақпаннан бері жұмысқа шықпаған. 25 ақпанда олар уәкілетті тұлғалармен кездесті."Жедел жәрдем жүргізушілеріне сағатына 1500 теңге төлеуді және фельдшерлердің жалақысын 350 000 теңгеге дейін, санитарлардың жалақысын 200 000 теңгеге дейін көтеруді, сондай-ақ жедел жәрдем жүргізушілері фельдшерге жиі көмектесетіндіктен жүргізушілерді оқытуды талап еттік", - дейді наразылық білдірушілер.Сондай-ақ олар Серік Жылгелдиевті жедел жәрдем станциясының басшысы етіп тағайындауды сұрған. Бірақ билік бұл талаптарды қанағаттандырмады.Наразы топтың айтуынша, керісінше қоқан-лоққы жасап, қысым көрсеткен.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/218/13/2181341_238:0:2969:2048_1920x0_80_0_0_c1e370260cad9be9f900e23b819a48f8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жедел жәрдем, наразылық, жалақы
жедел жәрдем, наразылық, жалақы
"Жалақыны 400 мыңға көтерсін!": Жаңаөзендіктер наразылық білдіріп жатыр
07:27 01.03.2022 (жаңартылды: 16:58 10.08.2023) Фельдшерлер мен медицина қызметкерлері жалақыны 300-400 мың теңгеге дейін көтеруді талап етті
НҰР-СҰЛТАН, 1 наурыз – Sputnik. Жаңаөзен жедел жәрдем станциясы қызметкерлерінің бір бөлігі жалақыны көтеруді талап етіп, төрт күннен бері жұмысқа шығудан бас тартып отыр. Осы себепті 120 мыңға жуық тұрғыны бар қалада екі-ақ дәрігерлер бригадасы жұмыс істеп жатыр.
Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы мемлекеттік мерекелер Наурыз, Тәуелсіздік күні қарсаңында, сондай-ақ медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай 1 ең төменгі жалақы (60 мың теңге) көлемінде төлем белгілегенін хабарлады. Сондай-ақ жұмыс беруші жедел жәрдем қызметкерлерінің еңбекақысына сараланған қосымша төлем белгілеуді ұсынды. Дәрігерлерге, фельдшерлер мен жүргізушілерге 40 000 теңге, санитарларға 20 000 теңге, басқа қызметкерлерге 30 000 теңге үстеме ақы төленеді.
"Басқа аудандар мен Ақтау қаласының жедел жәрдем қызметкерлері бұл шешімге қанағаттанған. Жаңаөзендік қызметкерлер оған келіспей, жалақыны 300-400 000 теңгеге дейін көтеруді талап етті. Алайда кәсіпорынның экономикалық жағдайын ескерсек, жалақыны мұндай деңгейге көтеру мүмкін емес", - деп түсіндірді Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қазір Жаңаөзендегі жедел жәрдем жүргізушілері орташа есеппен айына 145 мың теңге, фельдшерлер 174 мың теңге, санитарлар 97 мың теңге жалақы алады, деп жазды Lada.kz.
Жедел жәрдем станциясы қызметкерлерінің негізгі бөлігі 24 ақпаннан бері жұмысқа шықпаған. 25 ақпанда олар уәкілетті тұлғалармен кездесті.
"Жедел жәрдем жүргізушілеріне сағатына 1500 теңге төлеуді және фельдшерлердің жалақысын 350 000 теңгеге дейін, санитарлардың жалақысын 200 000 теңгеге дейін көтеруді, сондай-ақ жедел жәрдем жүргізушілері фельдшерге жиі көмектесетіндіктен жүргізушілерді оқытуды талап еттік", - дейді наразылық білдірушілер.
Сондай-ақ олар Серік Жылгелдиевті жедел жәрдем станциясының басшысы етіп тағайындауды сұрған. Бірақ билік бұл талаптарды қанағаттандырмады.
Наразы топтың айтуынша, керісінше қоқан-лоққы жасап, қысым көрсеткен.