https://sputnik.kz/20220301/toqaev-ulttyq-bank-23204387.html
Тоқаев Ұлттық банк төрағасын қабылдады
Тоқаев Ұлттық банк төрағасын қабылдады
Sputnik Қазақстан
Президентке Қазақстанда қаржы және баға тұрақтылығы қалай қамтамасыз етілетіні туралы баяндалды 01.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-01T16:29+0500
2022-03-01T16:29+0500
2022-03-01T16:29+0500
экономика
ұлттық банк
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/1210/50/12105086_0:0:2000:1125_1920x0_80_0_0_b36439b4765a52695bf400e23d0477cf.jpg
АЛМАТЫ, 1 наурыз – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматовты қабылдады, деп хабарлады Ақорда. Мемлекет басшысы Ұлттық банктің әлемдегі геосаяси жағдайға және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған іс-әрекеттері туралы есебін тыңдады. Президентке қаржы және баға тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар, соның ішінде халықтың теңгемен салған салымдарын қорғау, сыртқы және ішкі секторлардағы негізгі қатерлер ескеріп, ақша-несие саясатының іске асырылу барысы туралы баяндалды. Ғалымжан Пірматов валюта нарығындағы ахуал, Ұлттық банктің алтынвалюта резервтерінің және Ұлттық қор активтерінің жай-күйі туралы айтты. Кездесу қорытындысы бойынша мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді. Айта кетері, 1 наурыздағы сауда-саттық қорытындысы бойынша Қазақстан қор биржасында доллардың орташа бағамы 485,53 теңгені құрады. Бір күн бұрын доллар 495 теңгеге тең болды. Ұлттық валюта бағамы Ресейдің Украинаға арнайы әскери операция жүргізетіні туралы ақпарат тарағаннан кейін құбылды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1210/50/12105086_223:0:2000:1333_1920x0_80_0_0_8ae83ecdab78ff3cbba73a30548cade2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұлттық банк, қасым-жомарт тоқаев
ұлттық банк, қасым-жомарт тоқаев
Тоқаев Ұлттық банк төрағасын қабылдады
Президентке Қазақстанда қаржы және баға тұрақтылығы қалай қамтамасыз етілетіні туралы баяндалды
АЛМАТЫ, 1 наурыз – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматовты қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Мемлекет басшысы Ұлттық банктің әлемдегі геосаяси жағдайға және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған іс-әрекеттері туралы есебін тыңдады.
Президентке қаржы және баға тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар, соның ішінде халықтың теңгемен салған салымдарын қорғау, сыртқы және ішкі секторлардағы негізгі қатерлер ескеріп, ақша-несие саясатының іске асырылу барысы туралы баяндалды.
Ғалымжан Пірматов валюта нарығындағы ахуал, Ұлттық банктің алтынвалюта резервтерінің және Ұлттық қор активтерінің жай-күйі туралы айтты.
Кездесу қорытындысы бойынша мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.
Айта кетері, 1 наурыздағы сауда-саттық қорытындысы бойынша Қазақстан қор биржасында доллардың орташа бағамы 485,53 теңгені құрады.
Бір күн бұрын доллар 495 теңгеге тең болды. Ұлттық валюта бағамы Ресейдің Украинаға арнайы әскери операция жүргізетіні туралы ақпарат тарағаннан кейін құбылды.