Қазақстанның бокстан мемлекеттік жаттықтырушысы тағайындалды

© Sputnik / Владислав ВодневБокс қолғабы
Бокс қолғабы - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.03.2022
Жазылу
АЛМАТЫ, 1 наурыз – Sputnik. Қазақстанның бокстан мемлекеттік жаттықтырушысы болып Мерей Ақшалов тағайындалды. Бұл туралы мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев хабарлады.
"Өткен аптада танымал боксшы Мерей Ақшалов бокстан Қазақстанның мемлекеттік жаттықтырушысы болып тағайындалды. Абыройлы қызметте табыс тілеймін! Еліміз үшін және әр қазақстандық үшін бокстың орны бөлек. Сол үшін әрдайым әлемдік бокс бәсекесінің алдыңғы сапында болуымыз керек", - деп жазды Абаев.
Мерей Ақшалов 1988 жылы туған. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері.
2008 жылы тамызда Бейжіңде өткен Олимпиадада 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті.
2013 жылдың шілдесінде Иордания астанасы Амманда 64 келі салмақта Азия чемпионы атанды.
2013 жылдың 26 қазанында Алматыда өткен 64 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде әуесқойлар арасында бокстан әлем чемпионы атанды.
2014 жылы денсаулығына байланысты спорттағы мансабын аяқтады. Дәл осы жылы "Құрмет" орденімен марапатталды.
Жаңалықтар
0