https://sputnik.kz/20220301/qantar-oqigasy-azaptau-23180276.html
Қаңтар оқиғасы: ұсталғандарды азаптады деген күдікпен 9 құқық қорғау қызметкері ұсталды
Қаңтар оқиғасы: ұсталғандарды азаптады деген күдікпен 9 құқық қорғау қызметкері ұсталды
Sputnik Қазақстан
Прокуратура органдарына заңсыз тергеу әдістері мен азаптау туралы 283 арыз түсті 01.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-01T07:00+0500
2022-03-01T07:00+0500
2022-05-23T14:29+0500
азаптау
қаңтар оқиғасы
https://sputnik.kz/img/07e5/02/12/16321277_1:0:3000:1687_1920x0_80_0_0_7ecc72c5faf4e46c13d9f68b7c382ad4.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 1 наурыз – Sputnik. Жаппай тәртіпсіздіктер кезінде ұсталғандарды азаптау және қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану бойынша 203 қылмыстық іс қозғалған. Бұл туралы Бас прокуратураның алқа отырысында айтылды.Резонанс тудырған мәселерді арнайы мамандар тергеп жатыр, деп хабарлады "Астана" арнасы.Қылмыстық қудалау қызметінің басшысы Серік Шалабаевтың сөзінше, сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында заңсыз тергеу әдістерін қолданды деген күдікпен 9 құзырлы орган қызметкері ұсталған. Бұдан бөлек, "қаралы қаңтар" оқиғасы бойынша тергеу-жедел топтары терроризм актілері, кісі өлтіру, қару ұрлау және жаппай тәртіпсіздіктер бойынша 3502 қылмыстық істің тергеліп жатқанын жеткізді. Қазір 737 күдікті тергеу изоляторында отыр."Қаңтар оқиғасы бойынша 1,5 мыңға жуық орын тексерілді, 1500-ден астам сот-медициналық сараптама тағайындалды. Прокуратура органдарына заңсыз тергеу әдістері мен азаптау туралы 283 арыз түсті. Оған кінәлі құқық қорғау органдарының қызметкерлері заң алдында қатаң жауапқа тартылады", - деді Серік Шалабаев.Оқи отырыңыз: Денесін күйдіруге дейін барған: омбудсмен ұсталғандарды азаптау жайлы айтты
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/02/12/16321277_376:0:2625:1687_1920x0_80_0_0_fcd5e5f858499da4164200942a14ce30.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
азаптау
Қаңтар оқиғасы: ұсталғандарды азаптады деген күдікпен 9 құқық қорғау қызметкері ұсталды
07:00 01.03.2022 (жаңартылды: 14:29 23.05.2022) Прокуратура органдарына заңсыз тергеу әдістері мен азаптау туралы 283 арыз түсті
НҰР-СҰЛТАН, 1 наурыз – Sputnik. Жаппай тәртіпсіздіктер кезінде ұсталғандарды азаптау және қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану бойынша 203 қылмыстық іс қозғалған. Бұл туралы Бас прокуратураның алқа отырысында айтылды.
Резонанс тудырған мәселерді арнайы мамандар тергеп жатыр, деп хабарлады "
Астана" арнасы.
Қылмыстық қудалау қызметінің басшысы Серік Шалабаевтың сөзінше, сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында заңсыз тергеу әдістерін қолданды деген күдікпен 9 құзырлы орган қызметкері ұсталған.
Бұдан бөлек, "қаралы қаңтар" оқиғасы бойынша тергеу-жедел топтары терроризм актілері, кісі өлтіру, қару ұрлау және жаппай тәртіпсіздіктер бойынша 3502 қылмыстық істің тергеліп жатқанын жеткізді. Қазір 737 күдікті тергеу изоляторында отыр.
"Қаңтар оқиғасы бойынша 1,5 мыңға жуық орын тексерілді, 1500-ден астам сот-медициналық сараптама тағайындалды. Прокуратура органдарына заңсыз тергеу әдістері мен азаптау туралы 283 арыз түсті. Оған кінәлі құқық қорғау органдарының қызметкерлері заң алдында қатаң жауапқа тартылады", - деді Серік Шалабаев.