https://sputnik.kz/20220301/kiev-gruziya-qyrgyzstan-23205195.html
Киев Грузия мен Қырғызстандағы елшілерін елге шақырып жатыр
Киев Грузия мен Қырғызстандағы елшілерін елге шақырып жатыр
Sputnik Қазақстан
Бұған дейін Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесу барысында Ресейдің Донбастағы әрекеттерін қолдаған болатын 01.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-01T17:00+0500
2022-03-01T17:00+0500
2022-03-01T17:03+0500
әлем
зеленский
украина
қырғызстан
грузия
https://sputnik.kz/img/970/82/9708273_0:0:2795:1572_1920x0_80_0_0_e27eef5bf3bd477b2a7e51289d69525c.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 1 наурыз — Sputnik. Украина Грузия мен Қырғызстандағы елшілерін елге шақырды. Бұл туралы сейсенбіде Украина президенті Владимир Зеленский мәлімдеді."Біздің дипломаттар халықаралық құқыққа опасыздық жасап, айтқан сөздерінен тайған елдерге қатысты әділ шешім қабылдап жатыр. Біз Қырғызстандағы елшімізді консультация жасау үшін Украинаға шақырамыз. Ол мемлекеттер елімізге қарсы агрессияны ақтаған болатын", - деді ол өзінің Телеграм-каналында."Грузия елшісін бізге көмектескісі келетін еріктілерге кедергі жасағаны үшін және санкцияларға қатысты моральдық тұрғыдан бұрыс позициясы үшін шұғыл қайтарамыз", - деп қосты ол.Ресей Украинадағы әскери операцияны 24 ақпан, бейсенбі күні таңертең бастады.Кеше, 28 ақпанда Беларусьте Украина мен Ресей тараптары келіссөз өткізді.Зеленский кеңсесі басшысының кеңесшісі Украина шешімді қажет ететін бірқатар басым бағыттарды ұсынғанын атап өтті. Ресей делегациясының басшысы Владимир Мединский келіссөз бес сағатқа созылғанын айтты. Оның айтуынша, қос тарап күн тәртібіндегі барлық мәселені талқылады.Ортақ позицияны болжауға болатын бағыттар айқындалды. Алайда келіссөз әлі жалғасады, деп хабарланды.Алдағы күндері тағы кездесу өтеді. Келіссөз кезінде әскери қимылдар тоқтаған жоқ, әлі де жалғасып жатыр.
https://sputnik.kz/20220301/prezident-el-qauipsizdigi-23192327.html
украина
қырғызстан
грузия
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/970/82/9708273_64:0:2795:2048_1920x0_80_0_0_10832ad0961da9983ed3cd7f8f8fa1d6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
зеленский, украина, қырғызстан, грузия
зеленский, украина, қырғызстан, грузия
Киев Грузия мен Қырғызстандағы елшілерін елге шақырып жатыр
17:00 01.03.2022 (жаңартылды: 17:03 01.03.2022) Бұған дейін Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесу барысында Ресейдің Донбастағы әрекеттерін қолдаған болатын
НҰР-СҰЛТАН, 1 наурыз — Sputnik. Украина Грузия мен Қырғызстандағы елшілерін елге шақырды. Бұл туралы сейсенбіде Украина президенті Владимир Зеленский мәлімдеді.
"Біздің дипломаттар халықаралық құқыққа опасыздық жасап, айтқан сөздерінен тайған елдерге қатысты әділ шешім қабылдап жатыр. Біз Қырғызстандағы елшімізді консультация жасау үшін Украинаға шақырамыз. Ол мемлекеттер елімізге қарсы агрессияны ақтаған болатын", - деді ол өзінің Телеграм-каналында.
"Грузия елшісін бізге көмектескісі келетін еріктілерге кедергі жасағаны үшін және санкцияларға қатысты моральдық тұрғыдан бұрыс позициясы үшін шұғыл қайтарамыз", - деп қосты ол.
Ресей Украинадағы әскери операцияны 24 ақпан, бейсенбі күні таңертең бастады.
Кеше, 28 ақпанда Беларусьте Украина мен Ресей тараптары келіссөз өткізді.
Зеленский кеңсесі басшысының кеңесшісі Украина шешімді қажет ететін бірқатар басым бағыттарды ұсынғанын атап өтті. Ресей делегациясының басшысы Владимир Мединский келіссөз бес сағатқа созылғанын айтты. Оның айтуынша, қос тарап күн тәртібіндегі барлық мәселені талқылады.
Ортақ позицияны болжауға болатын бағыттар айқындалды. Алайда келіссөз әлі жалғасады, деп хабарланды.
Алдағы күндері тағы кездесу өтеді. Келіссөз кезінде әскери қимылдар тоқтаған жоқ, әлі де жалғасып жатыр.