Әлем

Еуропада Sputnik және RT-мен байланысты YouTube арналар бұғатталады - Google

© Sputnik / Евгений Биятов / Медиабанкке өтуRussia Today логотипі
Russia Today логотипі - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.03.2022
Жазылу
Кеше Украина мен Ресей тараптары келіссөз өткізген болатын. Келіссөз кезінде әскери қимылдар тоқтаған жоқ, әлі де жалғасып жатыр
НҰР-СҰЛТАН, 1 наурыз — Sputnik. Google компаниясы Еуропада RT телеарнасы және Sputnik агенттігімен байланысты YouTube арналарын бұғаттау туралы шешім қабылдады, деп жазады РИА Новости.

"Украинада жалғасып жатқан соғысқа байланысты біз бүкіл Еуропада RT және Sputnik-ке қатысты YouTube арналарды шұғыл түрде бұғаттаймыз. Бұл үшін біздің жүйелерімізге біраз уақыт қажет", - делінген Google еуропалық кеңсесінің Twitter-дегі хабарламасында.

Ресей Украинадағы әскери операцияны 24 ақпан, бейсенбі күні таңертең бастады.
Кеше, 28 ақпанда Беларусьте Украина мен Ресей тараптары келіссөз өткізді.
Зеленский кеңсесі басшысының кеңесшісі Украина шешімді қажет ететін бірқатар басым бағыттарды ұсынғанын атап өтті. Ресей делегациясының басшысы Владимир Мединский келіссөз бес сағатқа созылғанын айтты. Оның айтуынша, қос тарап күн тәртібіндегі барлық мәселені талқылады.
Ортақ позицияны болжауға болатын бағыттар айқындалды. Алайда келіссөз әлі жалғасады, деп хабарланды.
Алдағы күндері тағы кездесу өтеді. Келіссөз кезінде әскери қимылдар тоқтаған жоқ, әлі де жалғасып жатыр.
Жаңалықтар
0