https://sputnik.kz/20220301/amanat-partiya-logotip-23194765.html
"АМАNАТ" партиясының логотипі таныстырылды
"АМАNАТ" партиясының логотипі таныстырылды
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 1 наурыз - Sputnik. "АМАNАТ" партиясының (бұрынғы "Nur Otan" партиясы) атқарушы хатшысы әлеуметтік желідегі парақшасында жаңарған партияның... 01.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-01T12:47+0500
2022-03-01T12:47+0500
2022-03-01T12:48+0500
партия
логотип
https://sputnik.kz/img/07e6/01/1c/19233235_0:163:3065:1887_1920x0_80_0_0_85d27a1e433414ec4d43098b0267d9f5.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 1 наурыз - Sputnik. "АМАNАТ" партиясының (бұрынғы "Nur Otan" партиясы) атқарушы хатшысы әлеуметтік желідегі парақшасында жаңарған партияның логотипін жариялады.Бұрын "Nur Otan" партиясы өз логотипі үшін көк түсті пайдаланса, "АМАNАТ" жасыл түсті таңдады. Логотипте Қазақстанның картасы да бейнеленген.Асхат Оралов партияның атауын түсіндірді."Біріншіден, "AMANAT" – мемлекет мүддесі үшін тарихи жауапкершілікті алған партия.Тәуелсіз мемлекетіміз, еліміз бен жеріміз – ата-бабамыздың бізге қалдырған аманаты. Осы аманатты халық игілігі үшін сақтап қалу, келер ұрпақтарға жеткізу – ел тұтқасын ұстаған бас партия үшін ең үлкен жауапкершілік.Екіншіден, "AMANAT" – халық мұрасын сақтаушы партия.Тамыры терең тарихымыз, мәдениетіміз бен әдебиетіміз, тіліміз бен салт-дәстүріміз – Тәуелсіз Қазақстанның барша азаматтарының мұрасы.Осы мұраны біртұтас елдің ортақ мүддесі үшін аманат ретінде көздің қарашығындай сақтап, дамуына жағдай жасау – партияның ірі міндеттерінің бірі.Үшіншіден, "AMANAT" – мемлекеттік мүддеге адал, қоғам игілігіне жұмыс істейтін партия.Халық ұғымында "аманатқа қиянат жасалмайды", яғни аманатты сақтаушы партия мүшелері – ең әуелі мемлекет мүддесіне адал азаматтар", - деп жазды ол.Бұған дейін мәжіліс спикері Ерлан Қошанов партияның кезектен тыс съезінде "Nur Otan-ның" атауын "AMANAT" деп өзгертуді ұсынған болатын. Съезге қатысушылардың барлығы, оның ішінде ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бастаманы қолдады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/01/1c/19233235_167:0:2898:2048_1920x0_80_0_0_87a361812c37fb29b6e6e400ff54870b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
партия, логотип
НҰР-СҰЛТАН, 1 наурыз - Sputnik. "АМАNАТ" партиясының (бұрынғы "Nur Otan" партиясы) атқарушы хатшысы әлеуметтік желідегі парақшасында жаңарған партияның логотипін жариялады.
Бұрын "Nur Otan" партиясы өз логотипі үшін көк түсті пайдаланса, "АМАNАТ" жасыл түсті таңдады. Логотипте Қазақстанның картасы да бейнеленген.
Асхат Оралов партияның атауын түсіндірді.
"Біріншіден, "AMANAT" – мемлекет мүддесі үшін тарихи жауапкершілікті алған партия.
Тәуелсіз мемлекетіміз, еліміз бен жеріміз – ата-бабамыздың бізге қалдырған аманаты. Осы аманатты халық игілігі үшін сақтап қалу, келер ұрпақтарға жеткізу – ел тұтқасын ұстаған бас партия үшін ең үлкен жауапкершілік.
Екіншіден, "AMANAT" – халық мұрасын сақтаушы партия.
Тамыры терең тарихымыз, мәдениетіміз бен әдебиетіміз, тіліміз бен салт-дәстүріміз – Тәуелсіз Қазақстанның барша азаматтарының мұрасы.
Осы мұраны біртұтас елдің ортақ мүддесі үшін аманат ретінде көздің қарашығындай сақтап, дамуына жағдай жасау – партияның ірі міндеттерінің бірі.
Үшіншіден, "AMANAT" – мемлекеттік мүддеге адал, қоғам игілігіне жұмыс істейтін партия.
Халық ұғымында "аманатқа қиянат жасалмайды", яғни аманатты сақтаушы партия мүшелері – ең әуелі мемлекет мүддесіне адал азаматтар", - деп жазды ол.
Бұған дейін мәжіліс спикері Ерлан Қошанов партияның кезектен тыс съезінде "Nur Otan-ның" атауын "AMANAT" деп өзгертуді ұсынған болатын. Съезге қатысушылардың барлығы, оның ішінде ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бастаманы қолдады.