Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Украиналық делегация Ресеймен келіссөз жүргізу орнына тікұшақпен жетті

© Sputnik / Владимир ТрефиловФлаги России и Украины
Флаги России и Украины  - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Жазылу
Келіссөз Беларусьтің Гомель облысында өтеді деп жоспарланып отыр
НҰР-СҰЛТАН, 28 ақпан - Sputnik. Украиналық делегация тікұшақтармен Гомель облысына Ресеймен келіссөз өткізуге келді, деп хабарлайды РИА Новости тілшісі оқиға орнынан.
Олар екі тікұшақпен жеткен.
Зеленскийдің кеңсесі хабарлағандай, делегация құрамында қорғаныс министрі, "Слуга народа" фракциясының басшысы және сыртқы істер министрінің орынбасары бар.
Бұған дейін Ресей Федерациясы президентінің көмекшісі Владимир Мединский Украинамен Гомель аумағында келіссөз жүргізу мәселесі келісілгенін айтты. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Александр Лукашенко Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлескенін атап өтті. Кейінірек Sputnik Беларусь кездесу Александровка-Вильча өткізу бекетінде болатынын хабарлады.
Кеше, 27 ақпанда ресейлік делегация украиналықтармен келіссөз жүргізу үшін Беларуське барды.
Делегация құрамына Ресейдің сыртқы істер, қорғаныс министрліктері мен өзге ведомство өкілдері енген.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Қазақстан Украинаға әскер жіберу мүмкіндігін қарастырып жатқан жоқ – қорғаныс министрлігі
Жаңалықтар
0