Қоғам

Қордайдағы қақтығыс: үш адамға үкім шығарылды

© Sputnik / Тимур БатыршинҚордай, полиция
Қордай, полиция  - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Жазылу
Сотталушылар ұзақ уақыт іздеуде болған
НҰР-СҰЛТАН, 28 ақпан – Sputnik. Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Қордайда болған жаппай тәртіпсіздікке қатысқан үш айыпталушыға үкім шығарды.
Сотталушылар ұзақ уақыт іздеуде болған, деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.
2020 жылдың 7-8 ақпанында Жамбыл облысы, Қордай ауданы Масаншы, Бұлар батыр және Ауқатты ауылдарының аумағында атыс қаруын, жарылғыш заттарды қолдану, сондай-ақ билік өкілдеріне қарулы қарсылық көрсету арқылы зорлық-зомбылық, қирату, өртеу, дүние мүлікті жоюмен ұласқан жаппай тәртіпсіздік орын алды.
Жаппай тәртіпсіздіктердің басталуына жоғарыда аталған ауылдардың әр түрлі ұлт тұрғындарының арасында туындаған тұрмыстық жайлар негіз болған.
Сотта үш ер адамға қатысты ұрлық жасау, жаппай тәртіпсіздікке қатысу, бөтеннің мүлкін тонау, қарақшылық, мемлекеттiк шекараны заңсыз кесіп өту, адам өлтіру, екі немесе одан да көп адамды өлтіруге оқталу айыбы тағылды.
Айыпталушылардың біріне 6 жылға, екіншісіне 11 жылға, тағы біріне 18 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Қордайдағы қақтығыс

Жамбыл облысының Қордай ауданында 7 ақпанға қараған түні жаппай төбелес басталды. Қайғылы оқиға салдарынан он бір адам қаза болды.
Өрттің салдарынан тұрғын үйлер мен коммерциялық нысандар, сондай-ақ автокөліктер бүлінді.
Кейіннен 120-дан астам қылмыстық іс тергеліп жатқандығы белгілі болды. 1 наурызда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қордай ауданында болып, жергілікті тұрғындармен кездесті.
Жаңалықтар
0