https://sputnik.kz/20220228/qazaqstandyq-provayder-reseylik-telearna-23169629.html
Қарағандылық провайдер ресейлік телеарналарды көрсетпей қойды - министрлік не дейді
Қарағандылық провайдер ресейлік телеарналарды көрсетпей қойды - министрлік не дейді
Sputnik Қазақстан
Ақпарат министрлігі телеарналар мен жеке хабар тарату операторлары арасындағы қатынастарға араласа алмайтынын еске салды 28.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-28T17:26+0500
2022-02-28T17:26+0500
2022-02-28T17:26+0500
өңірлер
телеарна
министрлік
https://sputnik.kz/img/1359/88/13598871_72:0:3713:2048_1920x0_80_0_0_732e14d6e267cb67604e6a6395ac895c.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 28 ақпан — Sputnik. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Қарағанды облысында ресейлік телеарналардың хабар таратуының тоқтатылуына байланысты түсініктеме берді.Олар "Ремстройсервис" ЖШС жеке ұйымы ресейлік телеарналардың хабар таратуын тоқтатқанын атап өтті."Қолданыстағы заңнамаға сәйкес телеарналар мен телерадио хабарларын таратудың жеке операторлары арасындағы азаматтық-құқықтық қатынастар олар жасасқан шарттар негізінде регламенттеледі. Министрлік телеарналар мен телерадио хабарларын таратудың жеке операторлары арасындағы азаматтық-құқықтық қатынастарға араласа алмайды", - деді ведомствода.Министрлік қандай жағдайда тиісті шаралар қабылдай алатыны да сөз болды. Ол үшін провайдер Қазақстанның ақпарат саласындағы заңнамасын бұзғаны туралы ("телерадио хабарларын тарату туралы" заң) шағым түсуге тиіс.Еске салсақ, Қарағанды облысында "Ремстройсервис" провайдері "Россия 1", "Россия 24", НТВ, "Первый канал", "Звезда" және "МИР 24"сияқты телеарналарды өшіру туралы шешім қабылдады. Оның орнына уақытша "Хабар 24" арнасы хабар таратады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1359/88/13598871_527:0:3258:2048_1920x0_80_0_0_ffaab10614d6709b8cb658d7a80382bc.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
телеарна, министрлік
Қарағандылық провайдер ресейлік телеарналарды көрсетпей қойды - министрлік не дейді
Ақпарат министрлігі телеарналар мен жеке хабар тарату операторлары арасындағы қатынастарға араласа алмайтынын еске салды
НҰР-СҰЛТАН, 28 ақпан — Sputnik. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Қарағанды облысында ресейлік телеарналардың хабар таратуының тоқтатылуына байланысты түсініктеме берді.
"Министрлік тарапынан ресейлік телеарналардың хабар таратуын тоқтату туралы шешім қабылданған жоқ", - деп хабарлады
Sputnik Қазақстанға ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.
Олар "Ремстройсервис" ЖШС жеке ұйымы ресейлік телеарналардың хабар таратуын тоқтатқанын атап өтті.
"Қолданыстағы заңнамаға сәйкес телеарналар мен телерадио хабарларын таратудың жеке операторлары арасындағы азаматтық-құқықтық қатынастар олар жасасқан шарттар негізінде регламенттеледі. Министрлік телеарналар мен телерадио хабарларын таратудың жеке операторлары арасындағы азаматтық-құқықтық қатынастарға араласа алмайды", - деді ведомствода.
Министрлік қандай жағдайда тиісті шаралар қабылдай алатыны да сөз болды. Ол үшін провайдер Қазақстанның ақпарат саласындағы заңнамасын бұзғаны туралы ("телерадио хабарларын тарату туралы" заң) шағым түсуге тиіс.
Еске салсақ, Қарағанды облысында "Ремстройсервис" провайдері "Россия 1", "Россия 24", НТВ, "Первый канал", "Звезда" және "МИР 24"сияқты телеарналарды өшіру туралы шешім қабылдады. Оның орнына уақытша "Хабар 24" арнасы хабар таратады.