Қоғам

"Қазақстан халқына" қорына қазірге дейін қанша өтініш түсті

CC0 / Narcis Ciocan / құжаттар
құжаттар - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Жазылу
Оның басым бөлігі тұрғын үймен қамтамасыз ету және кредитті төлеу бойынша түскен
АЛМАТЫ, 28 ақпан – Sputnik. "Қазақстан халқына" қорына қазірге дейін 30 мыңнан астам өтініш түскен, алайда оның басым бөлігі қор қаржы бөлетін бағыттарға сәйкес келмейді.
Бұл туралы "Қазақстан халқына" қорының төрағасы Болат Жәмішев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Барлық өтініш электронды портал арқылы түседі. Қазірге дейін 30 мыңнан астам өтініш түсті. Оның ішінде 70%-тен астамы қордың жарғылық міндеттеріне сәйкес келмейді. Оның басым бөлігі тұрғын үймен қамтамасыз ету және кредитті төлеу бойынша түскен. Қалған өтініштер қор бекіткен жарғылық міндеттерге сәйкес келеді", - деді Болат Жәмішев.
Айтуынша, қор көмек көрсететін бағытқа сәйкес келетін өтініштер жеке-жеке қаралады.
Сондай-ақ Болат Жәмішев қордың қайырымдылық ұйымдарымен жұмыс істеуі қажет екенін айтты.
Қайырымдылық ұйымдары арқылы өтініш берген адамның көмекке мұқтаж екенін растауға болады.
Жаңалықтар
0