Алматыдағы жаппай тәрпісіздіктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.05.2022
Қаңтар оқиғасы
2022 жылғы қаңтарда Алматы қаласы мен басқа да өңірлерде болған жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты материалдар

Қаңтар оқиғасы: қаза тапқандардың отбасыларына 7 млн теңгеден беріледі

© Sputnik / Абзал КалиевАқша санау
Ақша санау - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Жазылу
Ал жараланған балалардың отбасылары 3 миллион теңгеден алады
НҰР-СҰЛТАН, 28 ақпан – Sputnik. "Қазақстан халқына" қоғамдық қоры жаппай тәртіпсіздіктер кезінде қаза тапқан күш құрылымдары қызметкерлері мен бейбіт тұрғындардың отбасыларына 7 миллион теңгеден аударады.
"Қазақстан халқына" қорының Қамқоршылық кеңесі қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан және ауыр жараланған әскери қызметшілердің, ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің, сондай-ақ кездейсоқ құрбан болған азаматтардың отбасыларына, көз жұмған және жараланған балалардың отбасыларына материалдық көмек көрсету туралы шешім қабылдады.
"Қаза тапқан әскери қызметшілердің, ішкі істер органдары қызметкерлерінің, Ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің, кездейсоқ қаза болған азаматтардың отбасына 7 миллион теңге материалдық көмек көрсетіледі. Ал ауыр жарақат алған әскери қызметшілерге, ішкі істер және Ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлеріне, сондай-ақ жараланған балалардың отбасына 3 миллион теңгеден бөлінеді", - делінген қор хабарламасында.
Сондай-ақ, қор жаппай тәртіпсіздіктер кезінде қаза болған құқық қорғау органдары қызметкерлері мен кәмелетке толмаған балалары бар бейбіт тұрғындардың отбасыларына қосымша қайырымдылық көмек көрсету бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

Қор қанша адамның отбасына ақша бөледі

"Қазақстан халқына" қорына қорғаныс министрлігінен, ішкі істер министрлігінен, Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Республикалық ұланнан 21 адамның қаза тапқаны және 94 адамның ауыр жараланғаны туралы ақпарат келіп түсті.
Қазақстанның бала құқықтары жөніндегі уәкілі А.Саин көз жұмған 3 бала мен жараланған 4 бала, сондай-ақ бір көпбалалы ананың қайтыс болғаны жайлы ақпарат жолдаған.
Қазақстанның адам құқықтары жөніндегі уәкілі Э.Әзімовадан қаңтар оқиғасының кездейсоқ құрбаны болған 29 қазақстандық туралы ақпарат түсті. Осы тізімдегі үш адам Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің тізімінде, екеуі ҰҚК тізімінде қайталанады.
тергеу изоляторы - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.02.2022
Қаңтар оқиғасы
Қаңтар оқиғасы: тергеу изоляторында отырған алты адам қайтыс болды
"Қазақстан халқына" қоры ресми дереккөздерден тізімдерді алуына байланысты қаңтар оқиғаларының кездейсоқ құрбаны (қаза болғандардың) болған отбасыларға қолдау көрсетуді жоспарлап отыр. Бүгінгі таңда Адам құқықтары жөніндегі уәкілден ақпарат алынды. Тергеудің аяқталуына қарай құқық қорғау органдары тізімдерді қорға ұсынады деп ойлаймыз", - деп мәлімдеді қордағылар.
Жаңалықтар
0