Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанды түтін басты – видео

© Sputnik / Владислав ВодневСмог в Нур-Султане
Смог в Нур-Султане  - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 28 ақпан – Sputnik. Нұр-Сұлтанда соңғы тәулікте жел небәрі 2-7 м/с жылдамдықпен соқты. Салдарынан қаланы түтін басып қалды.
"Қазидрометтің" мәліметінше, таңертең ауа температурасы -19 шамасында болды, күндіз минус 4-6 градусқа дейін көтеріледі.
Кеше құтқарушылар дүйсенбіде қалың тұман түсетінін ескертті.
Өткен жылы қала әкімі Алтай Көлгінов "көмір" статистикасын жариялады – оның айтуынша, қалада 4,5 миллион тоннаға жуық көмір жағылады, оның негізгі үлесі жылу электр станцияларына тиесілі – 3,8 миллион тонна. Жарты миллион тоннаны жеке сектор жағып отыр, деді ол.
"Атмосфераға 40 мың тонна зиянды қалдықтар шығарылады. Біз онымен дем аламыз", - деп атап өтті Көлгінов.
Нұр-Сұлтан әкімі ауаны жылдан-жылға көбейіп келе жатқан көліктер де ластап жатқанын айтты.
26 ақпанда Алматыда ауаның ластануына алаңдаулы жұрт митингіге шықты.
Митингіге қатысушылардың талабы – қалада қызу құрылысты бәсеңдету, жылу электр орталығын газға ауыстыруды жеделдету, экологияны жақсарту үшін бөлінген қаражатты ұтымды пайдалану және азаматтарға ауаның ластануы туралы шынайы және нақты ақпарат беру.
Белсенділер демалыс күндері адамдардың серуендеуі үшін қаланың кейбір учаскелерінде көлік қозғалысын тоқтатуды сұрады.
Жаңалықтар
0