https://sputnik.kz/20220228/elorda-vokzal-ozbekstan-adam-saudasy-23155493.html
Елорда вокзалында Өзбекстанда адам саудасымен айналысқан тұрғын ұсталды
Елорда вокзалында Өзбекстанда адам саудасымен айналысқан тұрғын ұсталды
Sputnik Қазақстан
Қазақстанда бір апта ішінде адам саудасына қатысты 50-ден астам дерек анықталды 28.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-28T12:23+0500
2022-02-28T12:23+0500
2022-02-28T12:23+0500
құлдық
адам саудасы
https://sputnik.kz/img/1023/14/10231405_0:0:1921:1080_1920x0_80_0_0_bc07c96e8a03a95c233c816ee99dc0b3.jpg
АЛМАТЫ, 28 ақпан – Sputnik. Қазақстандық құқық қорғау органдары бір апта ішінде адам саудасымен және жезөкшелікпен айналысуға байланысты 50-ден астам жағдайды анықтады."STOP трафик" республикалық жедел-алдын алу іс-шарасының нәтижесі бойынша жеті күні ішінде полиция адам саудасына байланысты 53 қылмысты анықтады. Бұл туралы ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек хабарлады.Бір қылмыс еңбекке пайдалану мақсатында бас бостандығынан заңсыз айыру, 1 – адам саудасы, 8 – жезөкшелікпен айналысуға, оның ішінде кәмелетке толмаған адамды тарту, сондай-ақ жезөкшелікпен айналысу және жеңгетайлық үшін притондар ұйымдастыру немесе басқарудың 43 фактісі анықталды.Күдіктілердің бірі – жезөкшелікпен айналысу үшін притон ұйымдастыруға өз пәтерін жалға берген Павлодар облысының тұрғыны."Аталған факті бойынша жезөкшелікпен айналысу үшін притон ұйымдастыру бойынша қылмыстық іс қозғалды және жезөкшелікпен айналысу және жеңгетайлық үшін үй-жай бергені үшін әкімшілік хаттама толтырылды", - деп атап өтті ІІМ өкілі.Қызылорда облысында бір апта бойы колледждің 2-курс студентін жезөкшелікпен айналысуға тартқан облыс тұрғыны анықталып, ұсталды. Ол интернетте интимдік қызмет көрсету туралы хабарландырулар жариялаған, артынша кірістің жартысын иемденген.Қостанай облысында массаж салонының 43 жастағы иесі 2021 жылдың желтоқсанынан бастап ақпанға дейін кәмелетке толмағандарды алдау жолымен жалдап, жезөкшелікпен айналысуға тартқаны анықталды. Сотқа дейінгі тергеу басталды.Еңбек құлдығында болған ер адам мал бағып, үй шаруашылығын атқарған.Полиция сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, ал жәбірленуші қажетті көмек көрсету үшін дағдарыс орталығына орналастырылды.Нұр-Сұлтанда тағы бір оқиға болды. ІІМ криминалдық полиция қызметкерлері елорданың теміржол вокзалында көліктегі полиция департаментімен бірлесіп Өзбекстанда адам саудасымен айналысқаны үшін мемлекетаралық іздеуде жүрген қылмыскерді ұстады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1023/14/10231405_78:0:1785:1280_1920x0_80_0_0_7d0282cdd968699b6eea683ed1a5b02e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
құлдық, адам саудасы
Елорда вокзалында Өзбекстанда адам саудасымен айналысқан тұрғын ұсталды
Қазақстанда бір апта ішінде адам саудасына қатысты 50-ден астам дерек анықталды
АЛМАТЫ, 28 ақпан – Sputnik. Қазақстандық құқық қорғау органдары бір апта ішінде адам саудасымен және жезөкшелікпен айналысуға байланысты 50-ден астам жағдайды анықтады.
"STOP трафик" республикалық жедел-алдын алу іс-шарасының нәтижесі бойынша жеті күні ішінде полиция адам саудасына байланысты 53 қылмысты анықтады. Бұл туралы ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек хабарлады.
Бір қылмыс еңбекке пайдалану мақсатында бас бостандығынан заңсыз айыру, 1 – адам саудасы, 8 – жезөкшелікпен айналысуға, оның ішінде кәмелетке толмаған адамды тарту, сондай-ақ жезөкшелікпен айналысу және жеңгетайлық үшін притондар ұйымдастыру немесе басқарудың 43 фактісі анықталды.
"Жезөкшелікпен айналысуға үй-жай бергені үшін 18 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді, қоғамдық орындарда тиісуге әрекет жасағаны үшін 600-ден астам әкімшілік хаттама толтырылды", - деді Шұғыла Тұрлыбек брифингте.
Күдіктілердің бірі – жезөкшелікпен айналысу үшін притон ұйымдастыруға өз пәтерін жалға берген Павлодар облысының тұрғыны.
"Аталған факті бойынша жезөкшелікпен айналысу үшін притон ұйымдастыру бойынша қылмыстық іс қозғалды және жезөкшелікпен айналысу және жеңгетайлық үшін үй-жай бергені үшін әкімшілік хаттама толтырылды", - деп атап өтті ІІМ өкілі.
Қызылорда облысында бір апта бойы колледждің 2-курс студентін жезөкшелікпен айналысуға тартқан облыс тұрғыны анықталып, ұсталды. Ол интернетте интимдік қызмет көрсету туралы хабарландырулар жариялаған, артынша кірістің жартысын иемденген.
Қостанай облысында массаж салонының 43 жастағы иесі 2021 жылдың желтоқсанынан бастап ақпанға дейін кәмелетке толмағандарды алдау жолымен жалдап, жезөкшелікпен айналысуға тартқаны анықталды. Сотқа дейінгі тергеу басталды.
"Ақтөбе облысында жедел-профилактикалық іс-шара барысында шаруа қожалығының 47 жастағы басшысы ұсталды, ол 2019 жылдың шілдесінен 2022 жылдың қаңтарына дейін күш көрсету арқылы облыстың 48 жастағы тұрғынын еңбекке пайдаланған", - деді Тұрлыбек.
Еңбек құлдығында болған ер адам мал бағып, үй шаруашылығын атқарған.
Полиция сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, ал жәбірленуші қажетті көмек көрсету үшін дағдарыс орталығына орналастырылды.
Нұр-Сұлтанда тағы бір оқиға болды. ІІМ криминалдық полиция қызметкерлері елорданың теміржол вокзалында көліктегі полиция департаментімен бірлесіп Өзбекстанда адам саудасымен айналысқаны үшін мемлекетаралық іздеуде жүрген қылмыскерді ұстады.